Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

8 қыркүйек 2026
КҮНДЕРЕК
Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

pixabay

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда жаңа технологиялар мен жасанды интеллектінің белсенді дамуы еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Өңірдегі және елдегі еңбек нарығындағы соңғы өзгерістер туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев толығырақ айтып берді. Мемлекеттік орган басшысы қай мамандықтардың тарих қойнауына кететінін және жақын жылдары қай сала мамандарына сұраныс жоғары болатынын ашық айтты.

Ресми мәліметтер бойынша, бүгінде еліміздегі жұмыс күшінің жалпы саны 9,8 млн адамды құрайды. Олардың ішінде 9,4 млн азамат тұрақты жұмыспен қамтылған, ал жұмыспен қамту деңгейі 96%-ға жетті. Дегенмен, сандық көрсеткіштер жоғары болғанымен, нарықта білікті жұмысшы кадрларға тапшылық әлі де байқалады.

Электрондық еңбек биржасына жарияланған бос орындардың жартысынан астамы жұмысшы мамандарға тиесілі. Ендігі басты міндет – сұранысты жасанды түрде жасау емес, кадр даярлау ісін экономиканың ағымдағы әрі перспективалық қажеттіліктеріне бейімдеу.

Технологиялар мен цифрлық жүйелердің жедел дамуы салдарынан кейбір мамандардың еңбегін енді бағдарламалар мен алгоритмдер атқарады. Министрдің сөзінше, мынадай бағыттар біртіндеп нарықтан ығыстырылады:

  • Мәтінді өңдеушілер мен терушілер;

  • Деректерді енгізу жөніндегі мамандар (операторлар);

  • Корректорлар.

Дегенмен, басқа да көптеген кәсіптер мүлдем жойылып кетпей, трансформациядан өтеді. Яғни, мамандар жаңа цифрлық құралдарды меңгеріп, жұмыс істеу дағдыларын жаңартуы қажет.

Алмастыру мен жаңа сұраныстарды есептегенде, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның ішінде 1,8 млн адам – техникалық және жұмысшы мамандық өкілдері.

Ең жоғары сұраныс мына салаларда қалыптасады:

  • Өнеркәсіп және өңдеу өндірісі;

  • Құрылыс саласы;

  • Ауыл шаруашылығы;

  • IT, биотехнология, жасыл және ядролық энергетика.

Елімізде сұранысқа ие кәсіптер тізбесі 51-ден 174-ке дейін кеңейді. Қазақстан халқы мен жастар санының артуы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуды талап етеді. Сондықтан жаңа заман талабына сай оқу бағдарламалары жедел жаңартылып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30
Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.