Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарға әлеуметтік бейімдеу қызметтерін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар әлеуметтік қызметтің мынадай 7 түрін ұсынады: әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық.
Әлеуметтік бейімдеу орталығы ғимараттың жалпы алаңы – 2288 шаршы метр. 150 төсек-орынға есептелген. 2024 жылы және 2025 жылдың басында барлығы 310 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды.
Қазіргі уақытта қызмет алушылар саны – 91, оның ішінде 77-і ер, 14-і әйел адам.
Орталықтың негізгі мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы салауатты өмір салты тақырыбын насихаттау (алкоголь мен темекі шегудің зияны туралы), өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру және оны әлеуметтік ортаға бейімдеу.
«Жетісу-Ақпарат»