Талдықорған: +4°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МӘСЛИХАТТЫҢ МІНДЕТІ — ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ, СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСІРМЕУ

22 желтоқсан 2021
КҮНДЕРЕК
МӘСЛИХАТТЫҢ МІНДЕТІ - ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ, СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСІРМЕУ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіз еліміздің алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылы 7 наурызда өткізілді. Содан бері мүмкіндігі мен біліктілігі артқан жергілікті мәслихат корпусы қоғамды одан әрі демократияландыруда, тұрғындар мен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуда, халықтың әл-ауқатын арттыруда, экономикалық және саяси реформаларды жүргізуде үлкен белсенділік танытып келеді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыс кезінде халық өздері сайлаған депутаттарға үлкен сенім артып, көптеген мүдделерді жүктеп отырды. Қойылған сауалдардың арасында: «Жалақы қашан беріледі?», «Зейнетақы неге кешігіп жатыр?», «Жарық қашан болады?» деген өтініш-тілектер көп болды. Міне, осындай қысылтаяң сәтте халық қалаулылары мен атқарушы билік өкілдері ынтымақтаса еңбек етіп, қордаланған түйінді мәселелерді бірлесе шеше білді.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мәслихаттарының сайлауында Қапшағай қалалық мәслихатына 25 депутат сайланса, кейінгі жылдары 13 депутаттан сайланып отырды. Бүгінде қалалық мәслихаттың VIІ шақырылымына сайланған депутаттардың орта жасы 49 жасты құрайды. Халық сеніп сайлаған мәслихат өмірлік тәжірибесі мол, білімді де білікті 12 депутаттан құралған. Олардың бәрі де өздерін сайлаған қарапайым халықты толғандырып отырған әлеуметтік мәселелерді жетік білетін, қаланың тыныс-тіршілігінен шет қалмайтын, оны пайымдай алатын нағыз халық қалаулылары. Сайланған депутаттардың 10-ы «Nur Otan» партиясынан болса, 1 адам «Ауыл», 1 адам «Ақ жол» партиясынан. Көппартиялық мәслихаттың сайлануы биылғы жылы алғашқы рет өтті. Бұл да тәуелсіз еліміздің 30 жылдағы жетістігінің айқын көрінісі деп білеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру жолында әлеуметтік желіні тиімді пайдаланудың игілігі мол. Мәслихаттың қызметі мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы, елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси іс-шаралар туралы ақпарат қалалық мәслихаттың Инстаграм, Фейсбук парақшаларында ұдайы жарияланып тұрады. Аталған парақшаларға 5201 оқырман тіркеліп, 455 жарияланым жарық көрді.

Халық қалаулысы атану – абыройлы міндет. Осы орайда халықтың адал сеніміне селкеу түсірмей, қоғамда орын алып жатқан мәселелердің шешімін тауып, халыққа жақын болу – әр азаматтың парызы. Қапшағай қалалық мәслихатының депутаттары осы тұрғыда өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

Сәуле НҰРСОЛТАНОВА,

Қапшағай қалалық мәслихат хатшысы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Бүгін, 19:46
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.