Талдықорған: +28°C
$ 471.77
€ 547.25
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Музейдегі мазмұнды мереке

21.05.2026
КҮНДЕРЕК
Музейдегі мазмұнды мереке

Суретті түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Халық- аралық музейлер күнін кең көлемде атап өтті. Осыған орай М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған «Өткеннің ізі, болашақтың тілі» атты мәдени-танымдық шара көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Рухани кешке зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, музей саласының ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік шараның ашылуында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов сөз сөйлеп, музей саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

– Бұл мереке – халықаралық деңгейде өтетін ерекше күн. Жетісу облысы да бұдан тыс қалған жоқ. Осы күні М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі аясында және мекемеге қарасты филиалдарда музей түні ұйымдастырылып отыр. Жалпы облыстағы 13 музейде осындай мәдени шаралар жалғасын табуда.
Музей жұмысы жыл санап жанданып келеді. Соңғы жылдары облыстағы 13 музейдің 12-сі күрделі жөндеуден өтіп, заманауи үлгіде халыққа қызмет көрсетуде. Мұндағы әр қызметкердің еңбегі өлшеусіз. Театрды мәдениеттің төресі десек, музей – өткен мен бүгінді жалғап, кейінгі ұрпаққа ұлттық мұра мен салт-дәстүрді насихаттайтын, бір қарағанда көзге көріне бермейтін, бірақ болашақ үшін аса маңызды рухани мекен. Сондықтан осы салада еңбек етіп жүрген барша музей қызметкерлерін облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлының және жетісулықтардың атынан шын жүректен құттықтаймын, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар Қуаныш Сұлтанұлы жуырда Алматы облысында өткен Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен Халықаралық музейлер күніне арналған халық- аралық фестивальде жетісулық музей қызметкерлерінің жүлделі екінші орынды иеленгенін ерекше мақтанышпен атап өтті. Осы орайда ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның арнайы дипломын музей басшылығына табыстады.

Шара барысында музей саласының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасымен М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің хатшысы Гүлнұр Қасымжан, І. Жансүгіров әдеби музейінің қор сақтаушысы Нұргүл Сұлтанмұрат Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, халықаралық фестивальде жүлделі ІІ орынды иеленгені үшін І. Жансүгіров әдеби музейінің меңгерушісі Нұргүл Жауынба-еваға ақшалай сертификат пен диплом табысталды.

Кеш барысында 5514 әскери бөлімінің атынан да арнайы марапаттар ұсынылса, музей ісінің өркендеуіне, ұлттық мұраны насихаттауға және мәдени құндылықтарды сақтауға үлес қосып жүрген сала мамандары түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Қаратал тарихи-өлкетану музейі «Үздік қор толықтырушы музей» номинациясын иеленсе, І. Жансүгіров әдеби музейінің аға ғылыми қызметкері Назерке Шенгельбаева «Үздік ғылыми қызметкер» атанды. Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі Назерке Төлегенге «Үздік экскурсия жетекшісі» номинациясы бұйырса, М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің редакторы Қалқаман Абдрахман-ұлы «Үздік музей экспозиционері», қор сақтаушысы Мақсат Олжибек «Үздік қор сақтаушы», бөлім меңгерушісі Әлфара Нұрданәлі «Музей ісін үздік насихаттаушы» атанды.

Мерекелік кештің мазмұнын Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының өнерпаздары толықтыра түсті.

Шара аясында музей залдары бойынша жаңартылған форматтағы экскурсиялар ұйымдастырылып, келушілер археология бөліміндегі «экспонат сөйлейді» жобасын, этнография залындағы виртуалды экскурсияны тамашалады. Музей фойесінде НЗМ, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі және «Future-it» робототехника мектебі ұйымдастырған роботтар көрмесі ұсынылып, жасанды интеллектке арналған таныстырылымдар өткізілді. Сонымен қатар коллекционер Марат Хасеновтың жеке көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. Сирек жәдігерлер қойылған көрме келушілердің қызығушылығын арттырды.

Түнге дейін жалғасқан музей кеші көпшілікке рухани әсер сыйлап, музейдің өткенді сақтайтын орын ғана емес, ұлттың рухани жадын жаңғыртатын маңызды мәдени кеңістік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Кітаптар сөйлеген түн» акциясы ерекше форматта өрбіді

Талдықорғанда «Кітаптар сөйлеген түн» акциясы ерекше форматта өрбіді

21.05.2026
Музейдегі мазмұнды мереке

Музейдегі мазмұнды мереке

21.05.2026
Үшарал қаласының әкімі Айдар Әбішев шаһардағы оң өзгерістерді баяндады

Үшарал қаласының әкімі Айдар Әбішев шаһардағы оң өзгерістерді баяндады

21.05.2026
Алтынемел инспекторы Нұрлан Молдахметовтің аманатқа адал ғұмыры

Алтынемел инспекторы Нұрлан Молдахметовтің аманатқа адал ғұмыры

21.05.2026
Кәсіпкерлер палатасы жергілікті органдардың 163 жобасына сараптама жасады

Кәсіпкерлер палатасы жергілікті органдардың 163 жобасына сараптама жасады

21.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.