Талдықорған: +8°C
$ 476.97
€ 562.59
₽ 6.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Үштөбедегі тоқтап тұрған ұн комбинаты қайта іске қосылады

14.04.2026
КҮНДЕРЕК
Үштөбедегі тоқтап тұрған ұн комбинаты қайта іске қосылады
WhatsAppTelegramFacebook

Үштөбедегі жұмысы тоқтап тұрған ұн комбинаты қайта жаңғыртылады. «АгроКомплексҮштөбе» ЖШС агро-өнеркәсіптік кешенді қалпына келтіру және жаңғырту жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ақпараты бойынша 12 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылатын жоба үш негізгі өндіріс кешенін іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл аймақтық экономиканы жандандырып, 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға жол ашады. 

Жобаның басты бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған үш түрлі өндіріс кешенін жаңғырту және қуаттылығын арттыру. Алғашқы кезеңде жылына 300 мың тонна құрамажем өндірісіне мүмкіндік беретін зауыт іске қосылады. Бұл биыл 4-тоқсанында жүзеге аспақ. Жаңа өндіріс 100-ге жуық жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр. 2027 жылы 150 мың тонна май-тоңмай өндіретін зауыт іске қосылмақ. Жергілікті нарықтың сұранысын қанағаттандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Комбинаттың қуаттылығы жылына 150 мың тонна ұн өндіруге жетеді. Бұл алдағы жылы жүзеге асатын болады. Ұн тарту өндірісі тұралап қалған кәсіпорынның қуаттылығын қайта жандандырып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

– Зауыт алғаш 1985 жылы салынған. Сол кезеңде нысан ауыл шаруашылығын дамытуға айтарлықтай үлес қосып, өңірде жоғары сапалы мал азығын өндірудің маңызды орталығына айналды. 2007 жылы ұн тарту комбинаты қосылып, тәулігіне 100 тонна ұн өндіріп, кәсіпорынның ауқымы кеңейді. Алайда 2015 жылы қаржылық қиындықтар мен басқа да себептерге байланысты ұн өндірісі тоқтап қалды. Зауыт банкке кепілге қойылып, одан кейінгі жылдары жұмысын доғарған еді, – дейді аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Гауһар Байгазинова.

Жоба аясында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өз кезегінде Үштөбе қаласындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындары қаланың тұрғындары үшін маңызды экономикалық мүмкіндік болмақ.

Қазіргі уақытта жобаның алғашқы кезеңі бойынша құрамажем өндірісіне қажетті құрылыс және жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Екінші және үшінші кезеңде май-тоңмай өндірісі мен ұн тарту комбинатының жаңғыртылуы жүзеге асады.

«АгроКомплексҮштөбе» ЖШС іске асыратын бұл ауқымды жоба өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және экономикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Гауһар МҰСА

 

Қатысты жаңалықтар

Жердің тілін білген

Жердің тілін білген

14.04.2026
Талдықорғанда жолды жөндеу жұмыстары басталды

Талдықорғанда жолды жөндеу жұмыстары басталды

14.04.2026
Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

14.04.2026
Доллар бағамының төмендеуі Қазақстан бюджетіне 146 млрд теңге шығын әкелді

Доллар бағамының төмендеуі Қазақстан бюджетіне 146 млрд теңге шығын әкелді

14.04.2026
Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет?

Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет?

14.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.