Үкімет 2023 жылғы 27 шілдедегі Қаулысымен жаңа редакцияда» мереке күндерінің тізбесін» бекітті, — деп хабарлайды Massaget.kz.
Жаңа тізімде 19 мереке бар. Оның ішінде:
15 ақпан — Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні
1 наурыз — Алғыс айту күні
Мамырдың екінші жексенбісі — Аналар күні
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Маусымның үшінші жексенбісі — Әкелер күні
Шілденің бірінші жексенбісі — Домбыра күні
10 тамыз — Абай күні
Тамыздың үшінші жексенбісі — Спорт күні
29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні
1қыркүйек — Білім күні
5 қыркүйек — Қазақстан халқының Тілдері күні
Қыркүйектің екінші жексенбісі — Отбасы күні
Қыркүйектің соңғы жексенбісі — Еңбек күні
1 қазан — Қарттар күні
16 қазан — Нан күні
11 қараша — Энергияны үнемдеу күні
15 қараша — Ұлттық валюта — теңге күні
1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Фото: көрнекілікке алынды





