Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Не біреуді өлтіремін, не өзім өлемін»: Берденов сотта жауап берді

18 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
«Не біреуді өлтіремін, не өзім өлемін»: Берденов сотта жауап берді

ашық дереккөз

WhatsAppTelegramFacebook

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты төртінші сот отырысы басталды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Отырыста жәбірленуші Руслан Берденов бейнебайланыс арқылы куәлік берді. Ол айтқандарын қажет болса, полиграф арқылы да дәлелдеуге дайын екенін жеткізді.

Берденов сотта күдікті Ернар Жиембаймен тек үш рет кездескенін атап өтті:
– «Екі рет ресми жағдайда жолықтым. Үшіншісінде ол маған оқ атты», – деді әкім орынбасары.

Ол алғашқы кездесуді толық сипаттап берді. «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры Ернар Жиембай кеңеске инспектормен бірге келген. Бірақ Жиембай мердігерлер, тендерлер мен жұмыс ауқымы туралы нақты ақпарат ұсынбаған. Инспектор оған сыбырлап бағыт беріп отырған. Осы кезде тараптар арасында сөз қайшылығы туындаған. «Мен: «Онда жұмыстан шығыңыз» дедім. Кездесу осымен аяқталды», – деді Берденов.

Оның айтуынша, бір аптадан соң инспектор Жиембайдың: «Мен не біреуді өлтіремін, не өзім өлемін» деген сөзін жеткізген. «Ол кезде бұл сөздерге қатты мән берген жоқпын», – деді ол.

Әкім орынбасары екінші кездесудің де жай-жапсарын баяндады. Жиембай өз өтінішімен келіп, жұмыстан бірден емес, бірнеше айдан кейін кетуді сұраған. Әңгіме жылы жағдайда өткен, тіпті Берденовті «отбасымен үлгі тұтатынын» айтқан. Әкім орынбасары сол кездесуде тек іскерлік этикетке қатысты ескерту жасағанын растады.

Берденов екі кездесуде де жанжал болмағанын, барлық сөйлесулер техникалық құралдар арқылы жазылғанын айтты. «Мұны полиграф арқылы да растауға дайынмын», – деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қалалық әкімдігі ғимараты жанында Руслан Берденовке оқ атылып, ол жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қылмысқа әкімдікке қарасты серіктестік қызметкері күдікті деп танылды.

Бастапқыда оқиғаның себебі қызғаныш не әдепсіз қылық болуы мүмкін деген болжам айтылған. Кейін күдіктінің әйелі мен әкесі де мәлімдеме жасаған еді.

Берденов ісі бойынша сот процесі 28 шілдеде басталған. 13 тамызда өткен сот отырысында куәгер қызметтен босату жайын растады.

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.