Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Несие алатын қазақстандықтар көбейіп барады

17.01.2025
КҮНДЕРЕК
Несие алатын қазақстандықтар көбейіп барады

2024 жылы 6 613 727 қазақстандық несие алған. 2024 жылы қазақстандықтардың берешегі 2023 жылмен салыстырғанда 22,2%-ға артқан. Ал 2025 жылы несие алуда қандай өзгерістер болмақ? Толығырақ Massaget.kz материалында.

Жылдан жылға несие алатын қазақстандықтар көбейіп барады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Massaget.kz сұрауына берген мәліметі бойынша, 2024 жылы қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 34,9 трлн теңгені құрады. Көрсетілген сомадан 20,3 трлн теңге жеке тұлғалардың берешегіне және 14,6 трлн теңге заңды тұлғалардың үлесіне тиесілі. 2024 жылы 6 613 727 қарыз алушыға несие берілген.

Ал 2023 жылы қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 28,6 трлн теңге болды. Яғни, 2024 жылы қазақстандықтардың берешегі 2023 жылмен салыстырғанда 22,2%-ға өскен. 

Несие алуға байланысты қандай өзгерістер күшіне енді?

Қазіргі таңда несие алу қиын емес, оны онлайн режимде алуға болады және мұндай несиелер әрдайым дерлік мақұлданады. Бірақ қарызды қайтару әлдеқайда қиын. Несие алу кезіндегі тәуекелдерді азайту үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің айтуынша, 2024 жылы азаматтарға кредит берумен байланысты бірқатар өзгерістер қабылданды:

  1. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн микроқарыздарды рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру мен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) бір мезгілде қолдану міндетті;
  2. Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (кредитор) жеке тұлғаға жұбайының келісімінсіз банктік қарыз немесе микрокредит беруіне тыйым салу енгізілді;
  3. 90 күнге мерзім өткеннен кейін кредиторларға барлық қолданыстағы, оның ішінде бұрын жасалған тұтынушылық кредиттерге сыйақы есептеуге тыйым салу белгіленді.
  4. Кредиторлардың азаматтардың кредиттері бойынша әскери қызмет кезеңіне және қызметтен кейін 2 айға олар бойынша сыйақы есептемей міндетті түрде мерзімді кейінге қалдыруды ұсыну жөніндегі талапты енгізу.
  5. Барлық банктік қарыз шарттары бойынша дауларды реттеу жөнінде банк омбудсманының өкілеттіктері кеңейтілді, сондай-ақ микроқаржы омбудсманы институты енгізілді.
  6. Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасыларды жылыту маусымында жалғыз  баспанасынан шығаруға тыйым салуды енгізу.
  7. Банктерге қарыз алушының шоттарындағы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын қаражат қалдығынан төлем талаптарының негізінде кредит бойынша берешекті өтеу шотына өндіріп алуға тыйым салу.      
  8. Банктердің, МҚҰ-ның, коллекторлық агенттіктердің және қарыз алушылардың арасындағы дауларды төрелік соттарында қарауға тыйым салу.
  9. Кредиторларға кредиттік бюроларға нақты уақыт режимінде банктік қарыз немесе микрокредит алу бойынша келіп түскен өтініштер туралы ақпаратты жіберуге талап қою.
  10. Жеке тұлғаның кредит ресімдеуден ерікті түрде бас тартуы болған жағдайда ресімделген кредиттерді есептен шығару.

Сондай-ақ Агенттік 2025 жылы несие алуға қатысты мынадай жаңа өзгерістер талқыланатынын хабарлады:

  • Банктер мен МҚҰ үшін клиенттердің жолданымдарын қарау мерзімін 15 күн деп белгілеу; 
  • Агенттік белгілеген негіздер бойынша банктердің және МҚҰ-ның азаматтардың қарыздары бойынша мерзімді 3 айға кейінге қалдыруды ұсынуы;
  • Қаржы ұйымдарының ұлттық стандартын ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету, оның ішінде сенім білдірілген адам арқылы қызмет көрсету рәсімдерін белгілеу;
  • Агенттікке қаржы ұйымдарының қаржылық өнімдеріне қойылатын талаптарды белгілеу құзыретін беру. 

 Фото: depositphotos.comс

Қатысты жаңалықтар

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.