Талдықорған: +21°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Несиеге тәуелді қоғам

03.03.2026
КҮНДЕРЕК
Несиеге тәуелді қоғам

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі қоғамда несие – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Тұрмыстық техника, ұялы телефон, автокөлік, пәтер, тіпті, қарапайым киім-кешекке дейін несиеге алынатын заман туды. Бір жағынан, бұл – халықтың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін қаржылық құрал. Екінші жағынан, шамадан тыс несие алу қоғамды қарызға тәуелді етіп, әлеуметтік және психологиялық мәселелерге алып келуде. Сондықтан «несиеге тәуелді қоғам» ұғымы бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі болып отыр.

Соңғы жылдары елімізде тұтынушылық несие көлемі күрт артты. Банктер мен микроқаржы ұйымдары халыққа түрлі тиімді ұсыныс ұсынып, несие рәсімдеуді барынша жеңілдетті. Бірнеше минутта онлайн рәсімделетін қарыздар, пайызсыз бөліп төлеу, алғашқы жарнасыз сатып алу секілді жеңілдіктер тұтынушыларды қызықтырады. Алайда осы қолжетімділік адамдарды қаржылық жоспарсыз, ойланбай шешім қабылдауға итермелейді. Көпшілік бүгінгі қажеттілігін қанағаттандыру үшін ертеңгі табысын алдын ала жұмсап, өз-өзін қарыз құрсауына қамап алады. Несиеге тәуелділіктің негізгі себептерінің бірі – қаржылық сауаттылықтың төмендігі. Көп адам несие шартын толық түсінбей, пайыздық мөлшерлемеге, айыппұл санкцияларына, қосымша төлемдерге мән бермейді. Соның салдарынан бастапқыда тиімді көрінген қарыз бірнеше айдан соң ауыр жүкке айналады. Кейбір азаматтар бір несиені жабу үшін екіншісін алып, «қарызды қарызбен жабу» шеңберіне түсіп кетеді. Бұл жағдай адамның психологиялық күйіне кері әсер етіп, күйзеліске, ұйқысыздыққа, отбасылық жанжалдарға әкелуі мүмкін. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, несиеге тәуелді қоғамда табыс пен шығыс арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Адамдар нақты табысына емес, қолжетімді қарыз көлеміне сүйеніп өмір сүруге дағдыланады. Мұның салдары – жасанды тұтынушылық мәдениеттің қалыптасуы.

«Ай сайынғы жалақым 180 мың теңге. Бірақ соның 120 мыңы әртүрлі несие төлеуге кетеді. Бірі – телефон, екіншісі – тұрмыстық техника, үшіншісі – бұрынғы қарызды жабу үшін алған несие. Қолымда қалатыны күнделікті тамақ пен жолақыға ғана жетеді. Кейде ай соңына дейін ақшам жетпей, қайтадан қарыз алуға мәжбүр боламын. Осылайша, бір несиені екіншісімен жауып, тұйық шеңберге түсіп қалдым. Психологиялық тұрғыдан да өте ауыр: үнемі уайым, қорқыныш, қысым.— Несие өмірді жеңілдетпейді, керісінше, еркіндігімді шектейтінін түсіндім. Егер уақытты кері қайтара алсам, тек аса қажет дүниеге ғана несие алар едім», – дейді қала тұрғыны Ақбота Айтқұлова.

Әлеуметтік желілер мен жарнама «сәтті өмірдің» өлшемін қымбат көлік, сәнді киім, соңғы үлгідегі гаджеттер арқылы көрсетіп, адамдарды артық шығынға итермелейді. Көпшілік өзгелерден қалмау үшін, сыртқы беделді сақтау мақсатында өз мүмкіндігінен тыс шығынданып, несие алуға мәжбүр болады. Отбасылық өмірде несие ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Ай сайынғы төлемдер отбасы бюджетінің қомақты бөлігін алып, азық-түлік, білім, медицина сияқты маңызды қажеттіліктерге қаржы жетіспеуіне алып келеді. Кей жағдайда ата-аналар балаларының білім алуына, дамуына жұмсалатын қаражатты қысқартып, қарыз өтеуге басымдық береді. Бұл болашақ ұрпақтың мүмкіндіктеріне кері әсер етуі ықтимал. Экономикалық жағынан қарағанда, несие – нарықтың дамуына, сауда-саттықтың жандануына ықпал етеді. Алайда тұтынушылық несиенің шамадан тыс өсуі экономикалық тұрақсыздық қаупін арттырады. Халықтың төлем қабілеті төмендеген жағдайда, банктердің де қаржылық жағдайы әлсіреп, жалпы экономикалық жүйеге салмақ түседі. Сондықтан мемлекет үшін несие нарығын бақылау, халықтың қарыз жүктемесін шектеу – маңызды міндеттердің бірі.

Елімізде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шара қолға алынды. Микроқаржы ұйымдарының қызметі қатаңдатылып, пайыздық мөлшерлемелерге шектеу қойылды. Сонымен қатар азаматтардың кредиттік тарихын ескере отырып, шамадан тыс қарыз алуға тосқауыл қою тетіктері енгізілуде. Дегенмен бұл шаралармен қатар халықтың қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталған ағартушылық жұмыстардың да маңызы зор. Қаржылық сауаттылықты арттыру – несиеге тәуелділіктен арылудың негізгі жолы. Әрбір адам өз табысы мен шығысын дұрыс жоспарлап, бюджет жүргізуді үйренуі қажет. Несие алар алдында оның қажеттілігін, қайтару мүмкіндігін, ұзақ мерзімді салдарын ой елегінен өткізу маңызды. «Қазір ала салайын, кейін көреміз» деген көзқарас көп жағдайда үлкен қиындықтарға алып келетіні анық. Қарыз – мәселені уақытша шешетін құрал ғана, ал тұрақты табыс пен жинақ – шынайы қаржылық еркіндіктің негізі. Қоғамдық деңгейде үнемшілдік мәдениетін қалыптастыру, саналы тұтынуды насихаттау өзекті. Адамдарды тек тұтынуға емес, жинақтауға, инвестициялауға, өз қаржысын басқаруға үйрету қажет. Мектеп бағдарламасына қаржылық сауаттылық негіздерін енгізу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын күшейту – болашақта несиеге тәуелділікті азайтудың тиімді жолдары. «Өмірімде бірде-бір рет несие алып көрмедім. Қажет затты алу үшін алдымен теңге жинаймын, жоспарлаймын. Әрине, кейде бірден ала салуға мүмкіндік болмайды, бірақ қарызсыз өмір сүрудің тыныштығы бәрінен қымбат екенін терең түсінемін.Ай сайынғы табысымды бөліп, бір бөлігін міндетті түрде жинаққа қалдырамын. Соның нәтежесінде күтпеген жағдайларға дайын боламын. Несие адамның еркін таңдау жасауына кедергі келтіреді деп ойлаймын. Сондықтан қаржылық тәртіп пен сабыр — ең дұрыс жол», – дейді Надия Нұрбек.

ТҮЙІН:

Несие – дұрыс пайдаланған жағдайда өмір сапасын арттыратын мүмкіндік. Ал жауапсыз қолданылғанда – адамды да, қоғамды да тығырыққа тірейтін қауіп. Сондықтан әрбір азамат қаржылық шешім қабылдауда саналы, жауапты болуы тиіс. Қаржыға деген дұрыс көзқарас, жоспарлау мен үнемшілдік мәдениеті қалыптасқан қоғам ғана тұрақты дамуға қол жеткізе алады. Несиеге тәуелді емес, қаржылық тұрғыдан еркін қоғам құру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Маман не дейді?

Экономист Оралова Салтанаттың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы халықтың несие жүктемесі қауіпті деңгейге жақындап, «қызыл аймаққа» таяп қалған. «Бүгінде азаматтардың жалпы қарызы 25 триллион теңгеге жуықтады. Оның басым бөлігі баспана немесе бизнеске емес, күнделікті тұтынуға арналған кепілсіз несиелерге тиесілі. Бұл қоғамда «қарызбен күн көру»  қалыпты жағдайға айналғанын көрсетеді. Ал 90 күннен астам төленбеген несиелер үлесінің 4,3-4,6 пайызға жетуі –мыңдаған адамның қаржылық тығырыққа тірелгенін аңғартады», – дейді Салтанат Шорабекқызы

Несиеге тәуелділіктен арылу үшін мемлекет пен қоғам деңгейінде кешенді шаралар қажет. Экономист маман қаржылық мәдениетті мектеп жасынан бастап қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті. «Ақшаның құнын, оны басқару мәдениетін бала кезден санаға сіңіру – стратегиялық міндет. Сонымен қатар банктердің несие беру талаптарын күшейтіп, халықты агрессивті жарнаманың ықпалынан қорғау керек. Бірақ ең бастысы – тұрақты табыс көздерін қалыптастыратын лайықты жұмыс орындарын көбейту. Себебі табыссыз жерде қаржылық сауаттылық та әлсіз», – дейді ол.

Жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыруды 6-7 жастан бастаған абзал. Мамандардың айтуынша, балаға ақша беріп, оны жоспарлауға үйрету, жинақ мәдениетін қалыптастыру, банк қосымшаларын пайдалану дағдыларын меңгерту – болашақта қаржылық жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеудің тиімді жолы. «Бүгінгі үнем – ертеңгі еркіндік. Осы қағиданы жастардың санасына сіңіре алсақ, несиеге тәуелді емес, өз капиталын басқара алатын саналы қоғам қалыптасады», – дейді Салтанат Оралова.

Айдана АМАНЖОЛҚЫЗЫ,
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026
Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

31.03.2026
Чемпион болғым келеді

Чемпион болғым келеді

31.03.2026
Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушысын қабылдады

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушысын қабылдады

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.