Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚОСТАНАЙ МЕН КӨКТӨБЕДЕГІ ӨРТ: МИНИСТРЛІК СОҢҒЫ ЖАҒДАЙДЫ АЙТТЫ

7 қыркүйек 2022
КҮНДЕРЕК
ҚОСТАНАЙ МЕН КӨКТӨБЕДЕГІ ӨРТ: МИНИСТРЛІК СОҢҒЫ ЖАҒДАЙДЫ АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында табиғи өрт оқшауландырылды. Ал алматылықтардың үрейін ұшырған Көктөбедегі өрт толық сөндірілді.

Жедел штаб басшысы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, 7 қыркүйек күні, сағат 15.00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тұтанған табиғи өрт оқшауландырылды. Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жүргізіліп жатыр. Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумақтарында қарауылдау жұмыстары ұйымдастырылған.

«Өрт салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар азайтылды. Көмек көрсету үшін Ақмола облысының күштері мен құралдары, Шығыс РМК жеке құрамының инженерлік техникасы жерді жырту жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар ТЖМ полкінің жеке құрамы командирлермен бірге және Қостанай облысының бөлімшелері жұмыс орнына оралу туралы шешім қабылданғанға дейін оқиға орнында қалады. Қалған бөлімшелер кешке дейін жұмыстарын жүргізіп, тұрақты жұмыс орындарына оралады», — деді Юрий Ильин.

Өртті сөндіруге ТЖМ-нің, Ұлттық ұланның, Ішкі істер министрлігінің Қостанай қаласындағы академиясының, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары, барлығы 207 техника, 5 өрт сөндіру пойызы, 1785 адам жұмылдырылды.

Жалынмен күрес басталған сәттен тікұшақтар әуеден 272 рет су шашты.

От тұтанғаннан бері барлығы 2091 адам эвакуацияланды (3 қыркүйекте Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан — 1841 адам, 5 қыркүйекте Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына — 250 адам).

Әулиекөл орта мектебінің (16 адам), Әулиекөл мектеп-интернатының (1 адам) эвакуациялау пунктінде 17 адам, оның ішінде 7 бала бар. Эвакуцияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйінде.

Қазір ТЖМ жедел желісі жұмыс істеп тұр. ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды. ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түскен.

Әулиекөл ауданының эвакопунктінде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Консультативтік көмек 124 адамға көрсетілген. Сондай-ақ топтық форматта 45 баламен әңгіме жүргізілген.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

***

Алматыда Көктөбе баурайында тұтанған өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«6 қыркүйек күні сағат 18:58-де Алматы қаласы ТЖД өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78-үй маңындағы мекенжайға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Келген бойда алдын ала болжам бойынша 3 га алаңда тау баурайы учаскелерінің жанып жатқаны анықталды. Қаланың өзара іс-қимыл қызметтерінің күштері мен құралдары дереу ұлғайтылды. Сөндіру күрделі рельефпен, желдің күшеюімен және күннің қараңғы уақытымен қиындады. Қабылданған жедел шаралармен сағат 20:22-де толық оқшаулауға қол жеткізілді. Сағат 20:35-де өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Көктөбе саябағы мен қоғамдық тамақтану орындарынан адамдар эвакуацияланды.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

NVIDIA жетекшісі Президенттің стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

NVIDIA жетекшісі Президенттің стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

24 қазан 2026
Президент:   «Республика күні –  жалпыұлттық сипаты бар мереке»

Президент:   «Республика күні – жалпыұлттық сипаты бар мереке»

23 қазан 2026
Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

23 қазан 2026
NVIDIA негізін қалаушы Қазақстанның жасанды интеллект экосистемасымен танысты

NVIDIA негізін қалаушы Қазақстанның жасанды интеллект экосистемасымен танысты

23 қазан 2026
Мемлекеттік қызметтегі шектеу

Мемлекеттік қызметтегі шектеу

23 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.