Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ОТ КЕШКЕН ҚОС ОҒЛАН

8 ақпан 2019
КҮНДЕРЕК
ОТ КЕШКЕН ҚОС ОҒЛАН
WhatsAppTelegramFacebook

Ақпан айының 15 жұлдызында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Осы орайда Айдарлы ауылына 40 жыл бұрын кеткен қос батыр кездесуге келді.

Асқар және Асхат Ауғанұлы Қасеновтер – Ауған соғысы ардагерлері. Олар Қоғалы жерінде дүние есігін ашып, Айдарлы ауылында өсті. Алғаш мектеп табалдырығын осы ауылда аттап, әріп таныды. Кездесу өсіп келе жатқан жастарға патриоттық рух, тәрбие беруге, Отан алдындағы борышқа, елді, жерді қадірлеу мақсатында ұйымдастырылды. Жиында Айдарлы ауылының оқушылары ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.

Кездесуге Жаркент қаласының Ауған соғысы ардагерлері де келді. Ардагерлерге 7-сынып оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Ауыл әкімі Айдар Маратұлы алыстан келген қонақтарды құрметпен күтіп алып, ардагерлерімізді келе жатқан мерекемен құттықтады. Ардагерлер Ауғанстандағы зардаптарымен бөлісіп, келешек ұрпақ соғыс деген атауды тек кинодан көрулеріне тілектестік білдірді.

Соғыс ол – суық, қаралы ұғым. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында.

— Соғыс – қай жерде болмасын соғыс. Оның болар жері, уақыты бөлек болғанымен, болмысы мен атауы бір. Соғыс – адамдардың қолымен жасалған зұлымдық», – дейді Асхат Қасенов.

Ауған жерінде Асхат Қасеновтің аяғы тізеден кесілді. Сұм соғыс он екі мүшесінің бірін жалмады. Асхат Асқардан хат алып, аман-есен қайтатынын естігенде, екеуінің арасын ат шаптырым жер ғана бөліп жатыпты. Өкінішке қарай, ағайынды екеуі кездесе алмапты. Ағайын арасындағы сағынышты соғыстың сызы өшірген жоқ. Сол жерде көрісе алмаған бауырлар топырағында аунап өскен Айдарлы жерінде кездесу жасап отырғаны бәрімізді қуантты.

Кеште «Ауғанның ұлы Ауғанда» атты Асхат Ауғанұлының өміріне арналған кітаптың тұсауы кесілді. Оқушыларға арнайы Ауған соғысына 30 жыл толуына орай дайындалған күнтізбелер табысталды.

Айым АСХАТҚЫЗЫ

Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.