Талдықорған: +14°C
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Отбасы құндылығы мен еңбек дәстүрін бір арнада тоғыстырған әулет

26.09.2026
КҮНДЕРЕК
Отбасы құндылығы мен еңбек дәстүрін бір арнада тоғыстырған әулет

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Спорт – жеңіс пен жеңілістен ғана тұрмайды. Оның ар жағында күн сайынғы тынымсыз еңбек, табандылық, темірдей тәртіп және өз ісіне деген адалдық жатыр. Осындай қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, спортты өмір салтына айналдырған әулеттер саны санаулы. Бір шаңырақтан бірнеше спортшының шығуы кездейсоқ жетістік емес, отбасындағы еңбекқорлық пен жауапкершіліктің нәтижесі болса керек. Олардың отбасындағы әр мүшесінің өз жолы, өз жетістігі бар. Барлығын біріктіретін ортақ құндылық, ол, еңбекке адалдық. Бүгінгі әңгіме де осындай спортқа ғұмырын арнап, еңбегімен елге үлгі болып жүрген әулеттің өмір жолына арналмақ.

Нұрбай Жармұхамедов пен Гүлғайша Дүйсенбайқызының шаңырақ көтергеніне биыл 48 жыл толып отыр. Берекелі отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиеленіп, бүгінде бес немере сүйіп, ұрпақ қызығын көріп отырған өнегелі әулет. Отағасы Нұрбай Жалбақұлы Жармұхамедов – самбо және қазақ күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол саналы ғұмырын спортқа, әсіресе ұлттық спорттың өркендеуіне арнап, талай жыл бойы ел спортының дамуына елеулі үлес қосты.

Нұрбай Жалбақұлының спорттағы жолы толағай табыстарға толы. Қазақ күресі мен самбодан Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанып, 1975 жылғы КСРО чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Жоғары оқу орындары арасындағы бүкілодақтық жарыстарда 5 рет чемпион атанып, жастар арасында КСРО чемпионы деген биік атақтарға қол жеткізді. Бұл жетістіктер – спортшының табиғи қабілетімен қатар, үздіксіз ізденісінің, табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Спорттағы мол тәжірибесін кейінгі буынға үйретіп, шәкірт тәрбиелеуге де айрықша мән берген Нұрбай Жармұхамедов көп жылғы жемісті еңбегі мен спорт саласына сіңірген зор еңбегі еленіп, оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы берілді. Сонымен қатар ол – «Ақсу ауданының құрметті азаматы». Еңбегі мен жетістіктері көптеген марапаттармен, дипломдармен және Алғыс хаттармен бағаланған. Бүгінде Нұрбай Жалбақұлының өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Оның спорттағы табандылығы, еңбекке деген адалдығы мен ұлттық спортқа деген жанашырлығы жас спортшыларды жігерлендіріп, ел спортының дамуына қызмет етіп келеді.

Әке жолын жалғаған азаматтың бірі – Қайрат Нұрбайұлы. Әкесінің спортқа деген сүйіспеншілігі мен еңбекке деген адалдығын бойына сіңіріп өскен Қайрат та бар ғұмырын дене шынықтыру мен спорт саласына арнады. Бүгінде ол әке қалыптастырған өнегелі дәстүрді жалғастырып, шәкірт тәрбиелеп, ұлттық спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген білікті маман. Қайрат Нұрбайұлы 2001 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдады. Білімін жетілдіру мақсатында 2004 жылы Алматы қаласындағы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Екі бірдей мамандықты меңгеруі оның жан-жақты ізденісін аңғартса, спорт саласындағы ұзақ жылғы еңбегі кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. 2007 жылдан бері Қайрат Нұрбайұлы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінен жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарып келеді. Ол – Қазақстан Республикасының самбо күресінен спорт шебері, дзюдодан жоғары санатты, жоғары деңгейдегі жаттықтырушы. Қазіргі таңда Жетісу облысының самбодан құрама командасының бас жаттықтырушысы әрі Жетісу облыстық Самбо федерациясының вице-президенті ретінде өңір спортын дамытуға белсене атсалысып келеді. Білікті бапкердің еңбегі шәкірттерінің жетістіктерімен өлшенеді. Қайрат Нұрбайұлының жетекшілігімен Қазақстан Республикасының, Азияның және әлемнің чемпиондары мен жүлдегерлері тәрбиеленіп шықты. Бұл – жаттықтырушының кәсіби білімі мен тәжірибесінің ғана емес, әр шәкіртіне жауапкершілікпен қарап, оның бойындағы қабілетті аша білуінің нәтижесі. Ол үшін жаттықтырушылық жай ғана қызмет емес, жас буынның болашағына жол сілтейтін үлкен жауапкершілік. Спорт саласындағы еселі еңбегі елеусіз қалған жоқ. Қайрат Нұрбайұлы «Самбо күресін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» медалімен, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Үздік жаттықтырушы» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған. «Бала кезімізден спорттың ішінде, әкемнің жаттығу барысын, шәкірттеріне деген талабын көріп өстік. Сондықтан спорт мен үшін жай ғана мамандық емес, өмірімнің бір бөлігіне айналды. Бүгінде өзім де шәкірт тәрбиелеп жүргенде әкемнен көрген тәлімді басшылыққа аламын. Меніңше, жаттықтырушының міндеті спортшыны тек жарысқа дайындау ғана емес, оның адам ретінде қалыптасуына ықпал ету»-дейді.

Әке еңбегіне деген құрметті сөзбен ғана емес, нақты іспен көрсетуді мақсат еткен Қайрат Нұрбайұлы «Нұрбай» спорт кешенін ашты. Бұл – бір әулеттің ғана емес, тұтас өңірдің спорт саласына қосқан өзіндік үлесі. Спорт кешенінің жұмысы арқылы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты шұғылдануына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік жасалып отыр. Бүгінде аталмыш спорт кешенінде жиырмаға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал жүздеген жасөспірім мұнда спорттың бірнеше бағыты бойынша жаттығып, өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алып отыр. Спорт залында тер төккен әр баланың бойында тәртіп, төзімділік, жауапкершілік пен жеңіске деген жігер қалыптасады. Демек, бұл кешен жай ғана жаттығу орны емес, жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды орта. Әкесі Нұрбай Жалбақұлының спорттағы сара жолын жалғастырып, өзі де шәкірт тәрбиелеп, спорт нысанын қалыптастырып отырған Қайрат Нұрбайұлының еңбек жолы әке мен бала арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Бір әулеттің спортқа деген адалдығы осылайша жеке жетістіктен асып, ел болашағы саналатын жас ұрпаққа қызмет ететін игі іске ұласуда.

Бұл әулеттің жетістігін тек чемпиондық атақтармен немесе марапаттармен өлшеу аздық етеді. Олардың ең үлкен еңбегі – кейінгі буынға жол көрсетуі, жастарды спортқа баулуы, еңбек пен тәртіптің қадірін ұғындыруы. Жарты ғасыр отбасылық өмірді бірге өткерген Нұрбай Жармұхамедов пен Гүлғайша Дүйсенбайқызының шаңырағындағы татулық пен өзара қолдау да бұл әулеттің берік негізін айқындайды. Бірі спортта жеңіске жетіп, бірі отбасының тірегіне айналып, балаларына бағыт-бағдар берді. Осылайша отбасы құндылығы мен еңбек дәстүрі бір арнада тоғысты. Биылғы жылы «Мерейлі отбасы» байқауында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Назерке ӘДІЛБЕКОВА

Қатысты жаңалықтар

Отбасы құндылығы мен еңбек дәстүрін бір арнада тоғыстырған әулет

Отбасы құндылығы мен еңбек дәстүрін бір арнада тоғыстырған әулет

26.09.2026
Медицинадағы кезекті цифрландыру жоя ала ма?

Медицинадағы кезекті цифрландыру жоя ала ма?

26.09.2026
Жақсылыққа жол ашайық

Жақсылыққа жол ашайық

26.09.2026
Кәсіпті отбасылық дәстүрге айналдырған жанұя

Кәсіпті отбасылық дәстүрге айналдырған жанұя

26.09.2026
Қайғыға құрмет қайда?

Қайғыға құрмет қайда?

26.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.