Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қоқыс уақытында шығарылмайды

15.02.2025
КҮНДЕРЕК
Қоқыс уақытында шығарылмайды

Талдықорғандағы азаматтарды қабылдау орталығында  тұтынушылардың  құқықтарын қорғау департаментінің  басшысы  Айдос Дауешов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдауға бірнеше тұрғын келді. Бәрінің көтергені бір мәселе. Қаланың  13 тұрғыны «Жаңа-Сана» ЖШС коммуналдық қызмет көрсету мекемесінің жұмысына көңілдері толмайтынын айта келіпті. Арызданушылардың сөзінше, серіктестік қоқысты апта сайын әкетудің орнына   айына бір рет қана жинаған. Яғни, бір айда қоқыс аузы-мұрнынан шығып, иістеніп кеткен. Бірақ, серіктестік «Kaspi» қосымшасы арқылы тұтынушылардан төлемді апта сайын алып отырған. Қызметке кейіген тұрғындар мекемеге  артық төлем  аударуды тоқтатқан.  Бірақ, «Kaspi» қосымшасында олар борышкер болып көрініп тұр.  Тұрғындар осыған наразылығын білдіріп, тұтынушылар құқын қорғайтын мекемеге қарыздарды жою туралы шешім  шығаруды сұрап келіпті. Бір таңғаларлығы «Жаңа-Сана» ЖШС тұрғындармен қағаз жүзінде келісімшарт жасамаған. Яғни, қызмет көрсетулерінде шикілік бар.  

Құжат заң жүзінде рәсімделмегендіктен тұтынушылар олардың кемшілігін көрсетіп, заңға тарта алмай келеді. Департаменттің басшысы Айдос Дауешов «Жаңа-Сана» ЖШС-нің заңсыз әрекеттерін дәлелдеу үшін тұрғындар шағымын құқық қорғау орындарына тапсыратынын айтты. Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау департаменті тұрғындарға қызмет көрсететін мекеме, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысуда. Сондай-ақ, халықтың сауда-саттық жасаудағы құқы жөнінде де ақпарат таратуда.

Жанат ҚАЛДЫБАЕВА
ЖУ-дің  гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенті

Фото: egemen.kz

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.