Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ОЗБЫРЛЫҚ ОРҒА ЖЫҒАДЫ

6 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
ОЗБЫРЛЫҚ ОРҒА ЖЫҒАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық, әлімжеттілік қоғамды айтарлықтай дүрліктіріп отыр. Жоғары  сынып оқушыларының әлсіздерге күш көрсетіп, масқаралайтын бейнеүзінділері әлеуметтік желіде кеңінен таралуда. Күні кеше Талдықорған қаласы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында орын алған оқушының озбырлығы көпшіліктің жағасын ұстатты. 

Әлеуметтік желіде таралған видеода жоғары сынып оқушылары өз қатарластарын дәретханаға кіргізіп, миға сиымсыз әрекеттерімен қорлап, боқауыз сөз айтып жатқаны анық көрінеді. Білдей бір білім ошағында оларға «қойыңдар» деп қарсы тұратын кісі қарасы көрінбегені қынжылтарлық жайт. Бұдан не үйде, не түзде тәрбиенің жоқтығы аңғарылады. Облыстық білім басқармасы бұл іске нендей шара қолданғандығын естіп қайттық.

– Мектепте болған оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталды. Олардың айтуынша, бұл жай ғана ойын болған. Қазіргі уақытта жағдай бақылауға алынып, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқушылардың ата-аналары тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі мұғалім сынып жетекшілігінен шеттетілсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазды. Мектеп директоры қатаң сөгіс алды. Зардап шеккен оқушыға жан-жақты психологиялық көмек көрсетілуде.Сонымен қатар өңірдегі мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын алу және психологиялық қолдау жұмыстары мен тәртіптік бақылау жұмысы күшейтілді, – дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Азиз Испанов.

«Балалар неге қатыгездікке бейім? Бұл ата-ананың әлсіз тәрбиесі ме, мектеп жүйесінің осалдығы ма әлде қоғамның немқұрайлылығы ма?» деген көкейде сан сауал бар. Аталған мәселе бойынша психологтар нендей пікірде?!

– Буллинг себебінен балалар көптеген психологиялық келеңсіздікке ұшырайды, адамдарға сенімсіздік танытып, ортадан бөлінеді, тіпті суицидке баруы да мүмкін. Бұл негізі тек мектеп психологының ғана емес, алдымен ата-ана тәрбиесінің осалдығынан пайда болатын жайт. Сондықтан жауапкершілікті алдымен әке-шешеге қою керек. Біз мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысын өткіземіз, бірақ келетіндері аз. Тәртіпсіздікті ұйымдастыратын буллер үйден көрген қорлығын немесе виртуалды әлемнен жиналған теріс энергиясын өз ортасына келіп шығарады. Әрине, бізде мұндай оқиғалар болмаған, егер болған жағдайда сынып жетекшімен және жасөспірімдердің  ата-анасымен бірлесіп, психологиялық диагностика жасаймыз. Бала үшін бірінші орында ата-ананың тәрбиесі маңызды екенін ұмытпауымыз керек, – дейді №28 IT мектебінің психологы Мадина Даренова.

Дәл мұндай оқиға Семей қаласында да орын алған еді. Бір топ жас- өспірім төменгі сынып оқушысына әлімжеттік көрсетіп, аяусыз соққыға жыққан болатын. Жәбірленушіге жасалған зорлық-зомбылық таспаланған видео әлеуметтік желіде лезде таралып, дүрбелең тудырды. Кадрларда жасөспірімдердің баланы теуіп, басынан ұрып, тіпті оның жетім екенін бетіне басқаны анық бейнеленген. Ішкі істер қызметкерлері аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғап, сотта жәбірлеуші тараптың ата-аналарын құқығынан айырып, кінәлі балаларды кәмелетке толмағандарға арналған түзету лагеріне жіберетіні туралы үкім шығарды.

Балаға білімнен бұрын тәрбие берілгені маңызды. Керісінше жағдайда ұрпағыңыздың адамзаттың қас жауына айналып шыға келуі әбден мүмкін. Өсіріп отырған ұл-қыздың ізгі жан болып өсуіне күш салайық, болашығына бейжай қарамайық деп түйіндегенді жөн көрдік.

Медет Жұмабай
Фото: trends.rbc.ru

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.