Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ПЛЮСКЕ АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ»: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ

19 наурыз 2020
КҮНДЕРЕК
"ПЛЮСКЕ АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ": ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Отбасылық кәсіби психолог, кеңесші Мөлдір ИБРАИМОВА карантин кезінде үйлесімді өмір сүру үшін арнайы кеңестер ұсынды.

1.»Жағдайды қабылдаңыз». Өмірімізде түрлі қиын жағдайларлар болғанда, оны қабылдамай, басқаша болғанын қалайтынымыз рас. Бірақ сол жағдайды қабылдамай, дұрыс әрекет жасамайтыныңыз анық. Күз келгенін қабылдамай, жаздық киім киініп, суға шомылуыңызды жалғастыра алмайтыныңыз анық. Ендеше үлкен әлемнің кішкентай бөлшегі болғандықтан, әлемдегі жағдайды сол қалпында қабылдап, кішкентай үлесіңізді қосу сіздің адамзаттық парызыңыз.

2.»Түсінуге тырысыңыз». Стефан Кови: «Бірінші түсініп көріңіз, содан кейін барып өзіңізді түсінгенін қалаңыз». Өйткені, өзгелерді түсіну арқылы сіз өзіңізді де тани аласыз. Отбасыңызбен бірге отырып астанып, ұзақ уақыт бірге өткізуді ойлаған шығарсыз, ендеше қарым-қатынастарыңызды жақсартып, үйде жағымды ахуал орнататын кезең деп қабылдаңыз. Жақындарыңызға түсіністікпен қарап, өзара тіл табысу және берекені басты құндылылық етіп қойыңыз.

3.»Минусты плюске айналдырыңыз». Елдегі жағдайдың минус жағынан плюс жағын тауып алыңыз. Отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға, өзіңізді дамытуға үлкен мүмкіндік деп ойлаңыз.

4.»Ең бірінші жоспар құрудан бастаңыз». Жеке дамыту жоспарын құрып, алдағы уақытыңызды дұрыс пайдаланыңыз, осындай кризистік жағдайдан кейін оң өзгерістер мен мүмкіндіктерге қол жеткізуге әбден болады.

5.»Атқаратын жұмыстарыңыздың тізімін жазыңыз». Бұрындары шегеріп жүрген істеріңізді тізімдеп жазып шығыңыз, барлық отбасы мүшелері жазып, іліп, сол істі қолға алса, өте тамаша. Өйткені, миға бағдарлама болып, жинақылық келіп, мотивация болады, бұл әрекетіңізбен позитивті ойлар тууға жағдай жасайсыз.

6.»Отбасыңыздың және өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы өтуіне жағдай жасаңыз». Фантазияңызды қосыңыз, актерлык шеберлігіңізді қосыңыз. Отбасындағы ахуал әйел адамға көбірек байланысты екенін ұмытпаңыз. Отбасында ортақ іспен айналысу, бір мақсатқа ұмтылу қарым-қатынастың жоғары деңгейіне әкеледі.

7.»Белсенді болыңыз». Осы уақыт сізді өсіруге арналған деген бағдарламамен кітап оқып, марафон, вебинарларға қатысып, өзіңізді қамшылаңыз. Физикалық жұмыс, (үй тазалау) миды негативті ойлардан арылтады, энергияның дұрыс бөлінуін реттейді.

8.»Негативтен де өзіңізді карантинде ұстаңыз». Негативті ақпараттарды таратпаңыз, зейініңіздің фокусын негативке жұмсамаңыз, ресми дәлелденбеген ақпараттардан аулақ болыңыз, өйткені, негатив денеңізде қалары анық.

9.»Отбасыңызбен  кинотерапия жасаңыз». Киноны да жай көрмеңіз, өзара анализ жасап, несімен ұнады, негізгі идеясы неде, өзіме қандай «+» жағын алдым деп көріңіз. Сауалдар төңірегінде талдау жасап, ұнаған цитаталарды жазып алыңыз.

10.»Жаныңыздағы жандар айнаңыз». Өзіңізге қараңыз, үйде әдемі киініп, өзіңізге әдемі күтім жасап, денсаулықтарыңызға қарап, үй жағдайында өзіңізді дамытуға көңіл бөліңіз. Психологияда «отзеркаливание» деген түсінік бар, басқа жаннан жаман қылық көріп тұрсаңыз, ол сіздің де бойыңызда бар дүние. Ендеше өзіңізді дамытыңыз.

ЖАЛПЫ ОСЫНДАЙ КРИЗИСТІК ЖАҒДАЙДА КӨП НӘРСЕ ӨЗГЕРЕДІ. БАСТЫСЫ, УАҚЫТША ЖАҒДАЙДЫ ӨТКЕРІП ЖАТҚАНЫМЫЗДЫ ҰМЫТПАЙ, ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАП, ОЙЫМЫЗ БЕН СӨЗІМІЗДЕ ДЕ ГИГИЕНА САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК. ЖАН ДҮНИЕЛЕРІҢІЗ САУ БОЛСЫН.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.