Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанды. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!, — деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Фото: akorda.kz





