Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүрді, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
- Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
- Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
- Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі