Талдықорған: +10°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ПЫРЫЛДАЙДЫ»: АЛТЫНЕМЕЛДЕГІ ТАУ ШАТҚАЛЫН ЕКІ ҚАР БАРЫСЫ МЕКЕНДЕЙДІ

12 қараша 2020
КҮНДЕРЕК
"ПЫРЫЛДАЙДЫ": АЛТЫНЕМЕЛДЕГІ ТАУ ШАТҚАЛЫН ЕКІ ҚАР БАРЫСЫ МЕКЕНДЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алтынемел ұлттық паркінде тағы бір қар барысы арнайы қойылған камераға түсіп қалды. Бұл — ілбістің аталған ұлттық парктегі екінші видеосы. Қыркүйек айында фототұзаққа бір барыс түскенін ескерсек, енді бұл паркте сирек кездесетін осындай екі жануар мекендейді деуге негіз бар.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қызыл кітапқа енген аңның саны жылда азайып келеді. Қазақстанда 120-130, әлем бойынша 7 мыңдай ғана барыс бар. Ғылыми дәйектердің жоқтығына қарамастан, Алтынемел ұлттық паркінде барыс мекендейтіні құжат жүзінде дәлелденіп қойды.

Айта кетейік, бұл жолы фототұзақ басқа тау шатқалына — шатқал шұңқырының, яғни, барыс апанының дәл қасына орнатылды. Видеодан барыстың қалай демалып, пырылдағанын, айналаны торуылдап жүргенін көруге болады. Қыркүйектегі барыс пен осы жолғы барыстың жүрген жері бір-бірінен алыс. Бұлар екі бөлек аң болуы мүмкін. Болжамды нақтылау үшін ілбістердің терісіндегі дақтар жіті салыстырылады. Сирек жануарлардың фото, видео түсірілімдері БҰҰ Даму бағдарламасы орнатқан фототұзақтар көмегімен алынып отыр.

Барыстың табылуына байланысты және басқа да сирек ұшырасатын Тянь-Шань аюы, Түркістан мысығы, Тянь-Шань арқары, тас сусар, манул жануарларын зерттеу үшін Алтынемелде жаңа ғылыми-зерттеу жұмысы мен ұлттық парктің жануарлар популяциясының жағдайын бақылау ғылыми бағдарламасы басталды.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 17:23
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

Бүгін, 17:12
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Бүгін, 17:07
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Бүгін, 16:59
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Бүгін, 16:53

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.