Талдықорған: +34°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қадірі қашқан тойдан қасиет күтпе

04.11.2025
КҮНДЕРЕК
Қадірі қашқан тойдан қасиет күтпе
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ үшін той – қасиетті ұғым. Ол елдің бірлігін, ағайынның татулығын айшықтайтын және бір туғандардың арасын алыстатпай, жұртты жақындататын қуаныштың көрінісі. Бір кездері тойдың мәні – ықылас пен шынайы қуанышта болатын. Ал бүгінде сол дәстүрдің дәні сақталғанымен мазмұны өзгеріп бара жатқандай.

Қазір той – тек қуаныштың емес, бақталастық пен бәсекелестіктің, көрсету мен салыстырудың алаңы болып кетті. Бірі екіншісінен асып түсуді мақсат тұтса, енді бірі қарызданып, несиеге батса да өзгеден кем түспеуді ойлайды. «Ағамның баласының тойы осындай болып еді, менің баламның тойы одан асып түсуі керек» деген түсінік, өкінішке қарай, қалыпты жағдайға айналды. Өйткені бүгінгінің тойы бәсеке, дастарқаны – жарыс, қонағы көрермен hәм сыншы секілді.

Бұрынғы тойдың қадірі қарапайымдылық пен әдепте еді. Қазақтың «тойдың болғанынан боладысы қызық» деген сөзі де содан шыққан. Ал қазір аста-төк дастарқан, қымбат безендіру, жұлдызды асаба мен шоу бірінші орында тұр. Одан бөлек, тойханаға кірген адам кейде түнгі клубқа келіп қалғандай күй кешеді. Өйткені жамбасы жылтыраған, қысқа юбка киген ашық-шашық жастар, шектен шыққан би, даңғырлаған есер әндер, бәрі де «заман талабына сай» деген желеумен тойдың мәнін көлегейлеп тұр.

Бір сәт назар салайықшы, бүгінде кейбір тойларда ерлі-зайыптылар емес, бір-бірін мүлде танымайтын адамдарды билетіп қояды. Әдепсіз ойын, ерсі би асабаның «көңіл көтеру тәсіліне» айналған. Ал бұл күлкілі көріністің астарында отбасылық құндылыққа селқостық жатыр. Танымайтын ер мен әйелдің қол ұстасып билеуі, кейде бір-біріне шектен тыс еркіндік танытуы қызғаныштың отын тұтатып, шаңырақтың шырағын сөндіруі әбден мүмкін. Одан кейінгі өкпе түсінбеушілік, тіпті ажырасуға дейін апаруы да ғажап емес…

Иә, заман өзгереді. Уақытпен бірге талғам да, талап та түрленеді. Бірақ, дәстүр өзгермеуі керек. Той – ұлттың айнасы. Сол айнадан ұлттың тәрбиесі мен талғамы көрінеді. Ал егер ол айна айғызданса, ұлттың бет-бейнесі де көмескіленеді.

Қазақтың тойы бұрын кеңдік пен кісіліктің, сыйластық пен патша көңілдің көрінісі еді. Қазір сол ұғымдар сән мен даңғазаның астында қалып бара жатқандай. Той тоқтасын демейміз, той болсын – бірақ ойлы, сыпайы, мәнді болсын.

Бәсекеге емес, берекеге шақыратын, даралық емес, даналық көрінетіндей өтсе, міне, сол кезде ғана қазақтың той мәдениеті өз биігіне қайта оралмақ.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ақпаратқа сенім неге азайды?

Ақпаратқа сенім неге азайды?

27.06.2026
Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026
TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.