Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында Лиссабонда португалиялық «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Алғашқы голды алаң иелері 44-минутта соқты – Франсишку Тринкау көзге түсті. Екінші таймда ол тағы бір мәрте нәтижелі соққы жасап, дубль авторы атанды. 67-минутта Алиссон Сантос, араға бір минут салып Жеовани Кенда есепті 4:0 жеткізді.
Матчтың соңғы бөлігінде «Қайрат» ойыншысы Эдмилсон Рикардиньоның пасынан кейін қақпаға тура соққы бағыттап, айырмашылықты қысқартты. Қорытынды есеп – 4:1, жеңіс «Спортингке» бұйырды.
Енді қазақстандық клуб 30 қыркүйекте Еуропаның ең мықты командаларының бірі – мадридтік «Реалмен» кездеседі.
Айта кетейік, 18 қыркүйекте «Қайрат» тарихында тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетуді бастаған еді.





