Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қандай жағдайда қазақстандықтарға несие берілмейді?

26 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Қандай жағдайда қазақстандықтарға несие берілмейді?

Коллаж/ baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несиелендірудің өсуін шектеуді және қазақстандықтардың қарыздық жүктемесін азайтуды көздеп отыр. Осы мақсатта банктерге арналған жаңа ережелерді қамтитын қаулы жобасы әзірленді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, енді кепілсіз несиелер кейбір азаматтарға берілмейді.

Яғни, кепілсіз тұтынушылық қарыздарды берер кезде төмендегі жағдайда несие беруге шектеу енгізіледі:

– банктік қарыздар бойынша күнтізбелік 30 күннен аса және (немесе) микрокредиттер бойынша 1 күннен аса төлем мерзімі өткен кезде;

– 2025 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы 36 айда негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болған кезде;

– соңғы 12 айда қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілсе.

Жобада соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қарыз алушылар үшін борыш жүктемесінің коэффициентін (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделеді. Бұл осы қарыз алушылардың артық міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеуге және қайта дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді, — делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Бұл дегеніміз – мұндай азаматтың барлық несиелері бойынша ай сайынғы төлемдерінің жиынтық сомасы оның табысының 25%-ынан аспауы тиіс. Бұрын бұл шек 50% болған.

Бұл қарапайым тілмен айтқанда мынадайды білдіреді:

– Банктер проблемалы қарыз алушыларға несие бермейді. Егер несие алушыда бұрын қарызын кешіктіру, кешірілген берешек немесе сәтсіз қайта құрылымдау болған болса, жаңа несие ала алмайды.

– Қарызы бар адамдардың қайта қарыз алу мүмкіндігі азаяды. Егер сізде үлкен кешіктіру болған болса, енді несие тек айлық табысыңыздың 25%-ынан аспайтын жағдайда ғана беріледі. Мысалы, жалақыңыз 200 мың теңге болса, барлық несиелерге ең көп дегенде 50 мың теңге жұмсауға рұқсат.

– Қарызға батып кету қаупі азаяды.

Жаңа ережелер қазақстандықтардың бірінен соң бірін несие алып, ақыры жалақысының жартысынан көбі қарыз төлеуге кететін жағдайға жол бермеуге бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

Еліміздің цифрлық қызметтер экспорты 5 жылда 34 есеге өсті

Еліміздің цифрлық қызметтер экспорты 5 жылда 34 есеге өсті

Бүгін, 09:32
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының маңызды бағдары

Бүгін, 08:55
Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Жыр атасы – ҚАБЫЛИСА

Жыр атасы – ҚАБЫЛИСА

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.