Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін тағайындау және қызметтен босату туралы жарлықтарға қол қойды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысының жарлықтарына сәйкес, Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Сондай-ақ Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараевқа Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқару жүктелді.
Президенттің жекелеген жарлықтарымен:
- Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;
- Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;
- Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;
-
Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.





