Талдықорған: +7°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қауіп сақтықта сейіледі

28 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Қауіп сақтықта сейіледі

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

«Қауіп – сақтықта сейіледі», – дейді қазақ. Оған «Жау жоқ деме, жар астында» деген сөзін қосыңыз. Даналықтан тау тұрғызар шамасы бар баба жұрт мұның бәрін ұрпағының қауіпсіз болуы үшін, сақ жүруі үшін айтқан болуы керек. Осы орайда Ескелді ауданының әкімдігі көктемгі қауіпсіздік жұмыстарына білек сыбана кіріскен. Су басу қауіпі жоғары жерлерде қызу тірлік жүріп жатыр.

Өткен бейсенбіде аудан әкімінің орынбасары Бағлан Абылқасымов бастаған арнайы құрам әдеттегідей су желілерін тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұл үшін 40-қа жуық адам, 4 техника жұмылдырылды. Дегенмен, аудан әкімінің орынбасары жергілікті тұрғындар ауласынан өтетін арық желілеріне қоқыс тастау арқылы қауіпті еселейтінін алға тартып отыр.

– Қазір жұмылған жұдырықтай қауіпті сейілту шараларын жүзеге асырып жатырмыз. Бүгін біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, аудан тұрғындары да бей-жай болмаса. Қыс бойы арық желілерін қоқысқа толтырады кей тұрғын. Қазір қауіп жоқ. Қардың дені еріп, арық желілері тазартылды. Сонда да қауіпсіздік шараларын күшейтеміз, – дейді аудан әкімінің орынбасары.

Айта кететін жайт, ақпан айы басталғалы жергілікті әкімдік 365 шақырым арық желісін тазартуға көшкен. Елді мекендерде қар үйінділерінің болмауын да жіті назарда ұстап отыр. Себебі қауіпті учаскелері бар ауылдарда мұндай үйінділер көктемгі жылымықта қардың тез еруі салдарынан селге айналуы мүмкін. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік аудандық тәртіп сақшыларымен бірлесіп арық желілерін қоқыспен көмген жағдайларды анықтап, тиісінше шаралар қабылдауға кіріскен. Сақтық шараларын ұлғайтқан аудандық атқарушы билік төтенше жағдайлар орын ала қалған жағдайда оның салдарын жоюға дайын 98 адамнан тұратын құрам жасақтаған. Осы құрам 34 бірлік техника, 18 сусорғы, 1450 тонна инертті материал жасақтаған. Бұл техникалардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін 2000 литр жанар-жағармай алуға бюджеттен қаражат қарастырылған.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33
Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.