Талдықорған: +11°C
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан ашық әрі теңгерімді көші-қон саясатын жүргізуде

19.04.2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстан ашық әрі теңгерімді көші-қон саясатын жүргізуде

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан инвесторлар, бизнес өкілдері және өзге де шетел азаматтары үшін елге кіру, виза рәсімдеу және рұқсат құжаттарын алу тәртібін оңтайландыруда. Жеңілдетілген және инвестициялық режимдер аясында түрлі преференциялардың кең ауқымы ұсынылған. Бұл дегеніміз – инвесторлар мен кәсіпкерлер арнайы визалық режимдерді, өтінімдерді жедел қарау рәсімдерін, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін пайдалана алады деген сөз.

Жеңілдетілген шарттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша Қазақстанда жұмыс істеу үшін келетін шетел азаматтарына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қолдаухаты болған жағдайда экономикалық және әлеуметтік жобаларға қатысушыларға да қолжетімді.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жаһандық еңбек нарығын түбегейлі өзгертуде. Әлемде жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары бар мамандарға сұраныс артып келеді. Осыған байланысты сұранысқа ие мамандықтар тізімінде ерекше назар ІТ саласына аударылған (жасанды интеллект инженері, ақпараттық жүйелер архитекторы, қосымша әзірлеуші, ақпараттық қауіпсіздік инженері және т.б.). Сонымен қатар денсаулық сақтау (нейрохирург, гематолог, онколог, сәулелік диагностика дәрігері және т.б.), креативті индустрия (графикалық дизайнер, дыбыс режиссері, графикалық анимация технигі және т.б.), жаратылыстану ғылымдары, инженерлік және өңдеу салаларында да (фармацевтикалық өндіріс инженер-технологы, лазерлік жабдықтар инженері, бактериолог және т.б.) сұраныс жоғары.

Еуразиялық экономикалық одаққа (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Ресей Федерациясы) мүше мемлекеттердің азаматтары үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.

ЕАЭО аясында қатысушы елдердің азаматтары Қазақстан аумағында рұқсат құжаттарын алмай-ақ еркін жұмысқа орналасу құқығына ие. Бұл жұмыс күшінің жоғары мобильділігін қамтамасыз етіп, экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң әсерін тигізеді. Айта кету керек, дәл осындай қағидат бойынша қазақстандықтар да одаққа мүше елдерде еңбек етуде.

Одаққа мүше емес елдердің азаматтары үшін еңбек нарығының қажеттіліктері мен квоталау негізінде құрылған жұмыс күшін тарту жүйесі қолданылады. Бұл тәсіл экономика мүдделері мен ішкі еңбек нарығын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша Қазақстан ашық әрі теңгерімді көші-қон саясатын қалыптастырып келеді.

2026 жылдың басынан бері сұранысқа ие мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 5,1 мың рұқсат берілді, ал еңбек иммигранттарына шамамен 75 мың рұқсат рәсімделді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын белгілеп, бөледі.

2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 23,6 мың адамды құрайды, ал еңбек иммигранттарын тарту квотасы 221,8 мың адам деңгейінде айқындалған.

Сонымен қатар елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Қазақстанмен өз болашағын байланыстыратын, яғни азаматтық алуға ниетті шетел азаматтарын қабылдау сапасын арттыруға бағытталған көші-қон саясаты жүйелі түрде жетілдірілуде.

Осыған байланысты тұрақты тұруға рұқсат алу тетігінің заманауи цифрлық тәсілдер мен ашықтық қағидаттарына негізделген жаңартылған тетігі енгізілуде.

Жаңа тәртіп үміткерлерді кезең-кезеңімен бағалауды көздейді: мемлекеттік тілді базалық деңгейде меңгеруін тексеру, сауалнамалық деректерді талдау, цифрлық скоринг, уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер, сондай-ақ қорытынды сұхбат.

Бұл тетік Қазақстанды ұзақ мерзімге қоныстанып, қоғам өміріне белсенді араласатын ел ретінде таңдайтын азаматтарға бағытталған.

Аталған тәсілді іске асыру тұрақты тұруға ниетті адамдарды неғұрлым дәл әрі теңгерімді қабылдауды қамтамасыз етіп, көші-қон үдерістерінің тиімділігін арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді. Жалпы, қабылданып жатқан шаралар мемлекет, қоғам және экономика мүдделеріне сай келетін ашық, прагматикалық әрі жауапты көші-қон саясатын қалыптастыруға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

Елена Рыбакина

Жеңімпаз. Рыбакинаның екінші «Porsсhe» көлігі

19.04.2026
Қазақстан ашық әрі теңгерімді көші-қон саясатын жүргізуде

Қазақстан ашық әрі теңгерімді көші-қон саясатын жүргізуде

19.04.2026
Рух күші

Рух күші

19.04.2026
«Шектеулі» дегенді шектеу көрмеген

«Шектеулі» дегенді шектеу көрмеген

19.04.2026
Американы бағындырмақ

Американы бағындырмақ

19.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.