Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан Конституциясына 30 жыл: Ата заңның өзгеру кезеңдері мен маңызы

4 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстан Конституциясына 30 жыл: Ата заңның өзгеру кезеңдері мен маңызы

baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына — 30 жыл. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заң — еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды құқықтық құжаты саналады.

Жалпы, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданған еді. Алайда екі жылдан соң, саяси және экономикалық ахуалдың талаптарына сай, жаңа Конституция жобасы әзірленіп, 1995 жылы қабылданды. Бұл құжатты дайындауға заң саласының беделді мамандары, ғалымдар мен саясаткерлер атсалысты.

Қазіргі Конституция 30 жыл ішінде бірнеше рет өзгеріп, толықтырылды. Атап айтқанда, 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары өзгерістер енгізілді. Ең ауқымдысы — 2022 жылғы 5 маусымда өткен референдум нәтижесінде жасалды. Онда Конституцияның 33 бабына ондаған өзгерістер енгізіліп, елдің басқару жүйесіне елеулі түзетулер жасалды.

Мемлекеттік құрылымды жетілдіруге бағытталған бұл өзгерістердің негізгі бағыттары мыналар:

  • Суперпрезиденттік басқару моделінен президенттік республикаға көшу;

  • Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді әділ қайта бөлу;

  • Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру;

  • Халықтың ел басқару процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту;

  • Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру.

Ата заңда еліміздің жері, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстары халыққа тиесілі екені нақты жазылған. Бұл қағида әлеуметтік әділеттіліктің негізі саналады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы:
«Ұлттың ұлылығы – әрбір отбасының, әрбір азаматтың әл-ауқатынан көрінеді. Сондықтан ел экономикасы, ең алдымен, халықтың мүддесі мен игілігі үшін жұмыс істеуі қажет», – деп атап өткен еді.

Осы нормаларға сүйене отырып, елде «Ұлттық қор – балаларға» атты әлеуметтік маңызы зор бағдарлама іске қосылды. Бұл — мемлекет байлығы халық игілігіне бағытталуы тиіс деген принциптің жарқын көрінісі.

Қазақстан Конституциясы — тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің негізі. 30 жыл ішінде Ата заң даму, жетілу жолынан өтіп, қоғам сұранысына сай жаңарып келеді. Бұл — құқықтық мемлекет құру жолындағы тұрақты дамудың айғағы.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.