Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан Париждегі ЭЫДҰ-ның «жасыл» саясат жиынында баяндама жасады

17 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстан Париждегі ЭЫДҰ-ның «жасыл» саясат жиынында баяндама жасады

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Париж қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) «Жасыл» іс-қимылдар жөніндегі арнайы жұмыс тобының (Green Action Task Force, GATF) маңызды отырысы өтті. Аталған халықаралық шараға Қазақстан Республикасының ресми делегациясы қатысып, елдің экологиялық саясаты мен «жасыл» экономикаға көшу бағытындағы негізгі жетістіктерін таныстырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Отандық делегация құрамында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Ержан Несібқұлов, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Қазақстанның Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің лауазымды тұлғалары болды. GATF Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінде экологиялық саясатты ілгерілетуге арналған негізгі халықаралық алаң болып табылады. Жиын барысында отандық өкілдер Астана қаласында жоғары деңгейде өткен Өңірлік экологиялық саммиттің нәтижелерін баяндап, ЭЫДҰ басшылығына мазмұнды қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Сәуле Сабиева жасыл экономиканы жоспарлау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде сөз сөйлеп, Қазақстандағы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы мен елдің басымдықтарын ортаға салды. Өз кезегінде Ержан Несібқұлов Орталық Азиядағы тұрақты инфрақұрылымды дамыту (SIPA) бағдарламасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Ол SIPA командасының қолдауымен Қазақстанның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясының жобасы әзірленіп жатқанын және «жасыл» жобаларға инвестиция тарту тетіктерін жетілдіру жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Талқылау барысында Ұлттық іс-қимыл жоспарының өзекті бағыты ретінде су секторына ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы бұл салада халықаралық тәжірибені зерделеуге және су ресурстарын тұрақты басқару бойынша әріптестермен тәжірибе алмасуға ниетті екенін мәлімдеді. Ауқымды отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев 2027-2028 жылдарға арналған GATF бюросы төрағасының орынбасары болып сайланды. Сапар аясында отандық өкілдер ЭЫДҰ Даму орталығының және Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының басшылығымен екіжақты кездесулер өткізіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын нақтылады.

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

21 қараша 2026
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

21 қараша 2026
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

21 қараша 2026
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.