Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңі басталды

10 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстан Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңі басталды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі – мамандық бойынша даярлық бастау алды. Оқу барлық әскери бөлімдерде ұйымдастырылып, жауынгерлердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Мамандық бойынша даярлық әскери міндеттерді сапалы атқарудың негізі болып қаланады. Осы кезеңде әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін тереңірек меңгеріп, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін үйренеді. Мерзімді қызметтегі жауынгерлер үшін бұл әскери мамандықты жүйелі түрде игерудің алғашқы сатысы болса, келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кәсіби әскерилер үшін шеберліктерін шыңдауға зор мүмкіндік береді.

Ағымдағы оқу кезеңінде түрлі әскери мамандықтар бойынша 25 мыңнан астам әскери қызметші даярлықтан өтуде. Оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында 2,5 мыңнан астам оқу тобы құрылып, әрбір қызметшіге жеке тәсілмен дайындық жүргізу шаралары қамтамасыз етілді. Сабақтарды мол тәжірибесі мен әдістемелік дайындығы бар офицерлер мен сержанттар қатарынан таңдалған нұсқаушылар өткізеді. Даярлықтың практикалық бағыты жауынгерлерге теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, қару-жарақ пен техниканы қолдану кезінде нақты іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің аға офицері майор Нұрзат Оразбектің айтуынша, мамандық бойынша даярлық әскерлердің одан әрі жауынгерлік қабілетінің негізін қалайды. Дәл осы кезеңде әскери қызметші өз мамандығы бойынша міндеттерін сенімді орындауға қажетті білім мен практикалық машықты толық меңгереді. Әрбір маманды сапалы даярлау бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылына, жауынгерлік машық деңгейіне және Қарулы күштердің алға қойылған міндеттерді орындауға дайындығына тікелей әсер етеді.

Даярлық курсы аяқталған соң, 10 тамыздан бастап барлық әскери бөлімдерде бақылау сабақтары ұйымдастырылады. Оның барысында әскери қызметшілер оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін және жауынгерлік даярлықтың келесі кезеңдеріне толық дайындығын көрсетеді.

Ел қорғанысы – әрбір жауынгердің кәсіби даярлығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Жауынгерлік даярлық пен әскери мамандықты терең меңгеру – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі. Жүйелі оқу-жаттығулар арқылы Қарулы күштердің қуаты артып, әскери техниканы тиімді пайдалану көрсеткіштері жоғарылайды.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.