Талдықорған: +14°C
$ 485.55
€ 563.38
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандықтар 78 елге визасыз бара алады

28.05.2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстандықтар 78 елге визасыз бара алады

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан паспорты әлемдегі ең ықпалды төлқұжаттар рейтингінде позициясын жақсартты. 2026 жылға арналған жаңартылған Henley Passport Index деректеріне сәйкес, Қазақстан 57-орынға көтерілді. Енді Қазақстан азаматтары әлемнің 78 еліне визасыз немесе жеңілдетілген режиммен бара алады. 

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан паспорты рейтингте қалай көтерілді?

Henley & Partners компаниясының жаңартылған индексіне сәйкес, қазақстандық паспорт соңғы бірнеше жылда жаһандық рейтингтегі орнын тұрақты түрде жақсартып келеді.

Егер 2023 жылы Қазақстан 70-орында болса, 2024 жылы — 66-орынға, 2025 жылы — 61-орынға көтерілген. Ал 2026 жылғы рейтингте ел 57-сатыға жайғасты. Осылайша, соңғы 2,5 жыл ішінде Қазақстан паспорты 13 позицияға жоғарылады.

Визасыз режимнің қандай түрлері бар?

Визасыз кіру режимі екі түрге бөлінеді: толық визасыз режим және шартты визасыз режим. Толық визасыз режимде шетелге барған кезде паспортқа тек кіру мөрі басылады.

Ал шартты режимде виза елге барғаннан кейін рәсімделеді және алдын ала құжат дайындауды талап етпейді. Дегенмен кейбір мемлекеттерде мұндай визалар ақылы болуы мүмкін немесе қосымша құжаттар сұралады. Олардың қатарында қайту билеттері, қонақүй броні немесе медициналық сақтандыру болуы ықтимал.

Сондықтан сапар алдында сыртқы істер органдарының ресми ақпараттарын тексеру қажет.

30 күнге дейін визасыз баруға болатын елдер

Қытай — материктік бөлігінде 30 күнге дейін, Хайнань аралында да 30 күнге дейін.

30 күнге дейінгі мерзіммен:

— Малайзия
— Мальдив аралдары
— Біріккен Араб Әмірліктері
— Бразилия
— Вьетнам
— Катар
— Марокко
— Никарагуа
— Оман
— Сербия
— Филиппин
— Эквадор
— Кук аралдары
— Иран — 14 күнге дейін
— Гонконг — 14 күнге дейін
— Макао — 14 күнге дейін
— Барбадос — 28 күнге дейін
— Аргентина — 30 күнге дейін

Туниске 90 күнге дейін визасыз баруға болады. Өзбекстанға визасыз кіруге болады, алайда 30 күннен артық қалатындар тіркеуден өтуі тиіс.

Оңтүстік Кореяға 30 күнге дейін визасыз баруға рұқсат етіледі, бірақ алдын ала мақұлданған K-ETA электронды рұқсатын рәсімдеу қажет.

60 күннен көп мерзімге немесе ұзақ уақытқа визасыз баруға болатын елдер

Әзербайжан — визасыз, бірақ 30 күннен артық қалсаңыз, тіркелу қажет.

Грузия — бір жылға дейін.

Қырғызстан — визасыз, 30 күннен кейін тіркелу қажет.

Таиланд — 60 күнге дейін, алдын ала TDAC электронды миграциялық картасын толтыру міндетті.

Түркия — 90 күнге дейін.

Сонымен қатар қазақстандықтар келесі елдерге де жеңілдетілген режиммен бара алады:

— Албания — 90 күнге дейін
— Армения — 90 күнге дейін
— Беларусь — тіркеусіз 30 күнге дейін
— Доминикан Республикасы — 60 күнге дейін
— Замбия — 90 күнге дейін, ақылы электронды рұқсат қажет
— Индонезия — 30 күнге дейін, әуежайда рәсімделеді
— Колумбия — 90 күнге дейін
— Маврикий — 60 күнге дейін, әуежайда рәсімделеді
— Молдова — 90 күнге дейін
— Моңғолия — 90 күнге дейін
— Намибия — 90 күнге дейін, әуежайда рәсімделеді
— Ресей — 90 күнге дейін, 30 күннен кейін тіркеу қажет
— Сейшель аралдары — 30 күнге дейін, жарты жылда бір рет
— Сент-Китс және Невис — 90 күнге дейін
— Сент-Винсент және Гренадиндер — 90 күнге дейін
— Тәжікстан — визасыз, 30 күннен кейін тіркеу қажет
— Украина — 90 күнге дейін
— Черногория — 30 күнге дейін, тек туристер үшін және 1 наурыз бен 1 қараша аралығында

Henley Passport Index қалай есептеледі?

Henley Passport Index — әлемдегі қозғалыс еркіндігін өлшейтін жаһандық рейтинг. Ол белгілі бір елдің паспортымен қанша мемлекет пен аумаққа визасыз баруға болатынын көрсетеді.

2025 жылғы жаңартылған нұсқада 199 елдің паспорты мен әлем бойынша 227 бағыт қамтылған.

Рейтинг ұпай жүйесі бойынша есептеледі:

— Егер азамат белгілі бір елге визасыз кіре алса — паспорт 1 ұпай алады;
— Егер виза елге барған кезде рәсімделсе немесе электронды рұқсат алдын ала мемлекеттік мақұлдауды талап етпесе — 1 ұпай беріледі;
— Ал егер сапар алдында виза немесе e-Visa рәсімдеп, алдын ала мақұлдау алу қажет болса — 0 ұпай есептеледі.

Осылайша, паспорттың рейтингі азаматтардың халықаралық сапарлардағы еркіндігін көрсететін негізгі индикаторлардың бірі болып саналады.

Қатысты жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталды

Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталды

28.05.2026
Қазақстан мен Ресей президенттері емен көшетін екті

Қазақстан мен Ресей президенттері емен көшетін екті

28.05.2026
«Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағыты іске қосылды

«Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағыты іске қосылды

28.05.2026
Бірегей жоба: Тарих түгенделіп, құндылық құнтталмақ

Бірегей жоба: Тарих түгенделіп, құндылық құнтталмақ

28.05.2026
Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

28.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.