Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандықтар қандай қызметтер мен жәрдемақыларды онлайн ала алады?

21 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстандықтар қандай қызметтер мен жәрдемақыларды онлайн ала алады?

energyprom.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Бұрын қарапайым анықтама алу немесе жәрдемақы рәсімдеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ұзақ кезекте тұру қалыпты жағдай еді. Қазір жағдай түбегейлі өзгерді, себебі мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшіп, көптеген рәсімді үйден шықпай-ақ орындауға мүмкіндік пайда болды. Бүгінде смартфон арқылы жаңа туған сәбиді тіркеуге, әлеуметтік төлем рәсімдеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, емханаға тіркелуге, зейнетақы жинағын тексеруге, тіпті техникалық паспорт алуға болады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Электрондық үкімет порталының іске қосылғанына 20 жыл толды. Осы уақыт ішінде қарапайым анықтама беретін сервис толыққанды мемлекеттік цифрлық экожүйеге айналды. Қазір елімізде 1300-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның шамамен 90 пайызы онлайн қолжетімді. Порталда 15 млн пайдаланушы тіркелген.

Бұрын сәби туғаннан кейін ата-аналар туу туралы куәлік алу үшін АХАТ бөліміне, кейін жәрдемақы рәсімдеуге және балабақша кезегіне тұру үшін өзге органдарға бөлек-бөлек жүгінетін. Қазір бұл рәсімдер eGov Mobile арқылы бір жүйеге біріктірілген.

2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 4 325 теңгені құрайды. Соған сәйкес бірінші, екінші және үшінші балаға 164 350 теңге, төртінші және одан кейінгі балаға 272 475 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы тағайындалады. Ал жұмыс істемейтін ата-аналарға бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын 24 912-38 493 теңге аралығында төлем беріледі.

Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне проактивті формат енгізілді. Азамат мемлекеттік органға өзі жүгінбей-ақ, 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарлама арқылы Отбасының цифрлық картасы көмегімен тиісті қолдауды автоматты түрде алады.

Электронды үкімет арқылы көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедектік бойынша төлем, атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін оңай алуға болады. Мәселен, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 31,1 мың отбасыдағы 167,4 мың адамға тағайындалған.

Жаңа бастамалар да бар: 12 шілдеден бастап жер учаскесіне мемлекеттік акт беру қызметі толықтай онлайн форматқа өтті. Енді бұл қызмет ХҚКО-ларда көрсетілмейді. 1 маусымнан бастап техникалық паспортты рәсімдеу цифрлық режимге ауысты. Дайын құжат пайдаланушының жеке кабинетіне жолданады. eGov Mobile қосымшасында 39 түрлі цифрлық құжат, соның ішінде жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі сақталған.

Мемлекеттік қызметтердің онлайн форматқа көшуі уақытты айтарлықтай үнемдегенімен, ақпараттық жүйелердегі деректерді сәйкестендіру, егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамту міндеттері өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қазақстанның цифрландыру саласындағы бұл қадамдары тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.