Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
КҮНДЕРЕК
Қиқымы жерде жатпаған

samlib.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желіні ашсақ, «минимализм», «эко-өмір», «қоқыссыз өмір» және «утилизация» деген сөздер жиі айтылып, тұрмыста қолданып та жүргенін аңғару қиын емес. Батыс блогерлері үйіндегі артық заттарды лақтырып, экологиялық таза өнімді тұтынуды үлкен жаңалық, заманауи мәдениет ретінде насихаттап жатыр. Сәнді кафелер мен заманауи кеңселер де «минималистік» стильде жасалуда.

Бірақ біз бір нәрсені ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Батыс ХХ ғасырда ойлап тапқан бұл философия – көшпенді бабаларымыздың ғасырлар бойғы күнделікті тұрмыс салты, қанына сіңген болмысы еді. Бүгінгі әлем жаппай көшіп жатқан «эко-өмірдің» ең мінсіз үлгісі қазақтың дүниетанымында жатыр.

Еуропа мен Америкада «Tiny House» (шағын, мобильді үйлер) қозғалысы қатты дамып келеді. Адамдар үлкен үйлерден бас тартып, тек ең қажетті заттары бар, тез жиналатын шағын баспаналарды таңдауда. Анығында, бұл – біздің киіз үйдің заманауи көшірмесі.

Көшпенді адам ешқашан артық жүк жинамаған. Өйткені әр маусым сайын көшіп-қону үшін тұрмысқа тек ең сапалы, жеңіл әрі көпфункционалды заттар ғана таңдалған. Мысалы, қазақтың сандығын алайық: ол әрі киім сақтайтын шкаф, әрі жүк жинайтын тұғыр, әрі көшкенде көлікке ыңғайлы контейнер. Ал киіз үйдің өзі жүз пайыз табиғи өнімнен (ағаш пен жүннен) жасалып, табиғатқа ешқандай экологиялық зиян келтірмей, бірнеше сағатта жиналып, орнында күл-қоқыс қалдырмайтын ерекше архитектура еді.

Қазір дамыған елдер табиғатты қорғау үшін үлкен айыппұл салып, заң шығарады. Ал бұл бала кезімізден құлағымызға сіңген «Судың да сұрауы бар», «Көкті жұлма», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген нақыл-тыйымдардың заңдастырылған нұсқасы емес пе?! Қазақ өзен-көлге кір жумаған, суға түкірмеген, малдың жайылымын ауыстырып, жерді тоздырмауды ойлаған. Табиғатты адаммен тең, жаны бар тірі ағза ретінде қабылдаған.

Бүгінде дизайнерлер ескі дүниелер мен мата қиындыларынан жаңа киім тігуді жоғары сән үлгісіне балап жүр. Біздің аналарымыз бен әжелеріміз бұл технологияны ғасырлар бұрын «Құрақ құрау» деп атаған.

Қазақтың үйінде мата қиындысы, ескі киім ысырап болмай, қиыстырылып, өнер туындысына – құрақ көрпеге, тұскиізге айналатын. Мал шаруашылығының өзінде ештеңе қоқысқа тасталмайтын: еті азық, терісі киім мен ыдыс (торсық, көнек), жүні киіз бен кілем, тіпті сүйегіне дейін төсек пен бесікті сәндеуге жарайтын. Міне, нағыз қалдықсыз өндіріс трендінің басы.

Ал Хәкім Абай:
«Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның, білсеңіз…» деп адамды аздыратын бес дұшпанның бірі ретінде «ысырапты» атайды. Шариғатта да «Ысырап етушілер – шайтанның бауырлары» делінген.

Қазақ дүниетанымындағы «қанағат» ұғымы – заманауи минимализмнің жүрегі. Заттың көптігімен емес, жанның тоқтығымен мақтану – рухани кемелдіктің белгісі болған.

Бұл тұста елемей өтуге болмайтын бір дүние бар, ол – әдемілік. Аса ысырапшылдыққа бармау – заттардың қарапайымдануы емес. Сұлу сүйген, сұлулықтың мәнін түсінген ата-бабамыз ұлттық кодымызға айналған ою-өрнек нұсқаларын көркем түрде, жөн-жосығын сақтай отыра үлкен шеберлікпен тұрмыста қолдана білді. Бұл – талғам мен талаптың әдемі үйлесімі.

Олай болса, батыстың «минимализмі» мен «экологиялық мәдениетіне» тыңнан түрен салған жаңашылдық сияқты таңғалудың қажеті жоқ. Бұл – қанымызда бар, тек урбанизация мен жаһандану заманында сәл ұмытылып, шаң басып қалған текті кодымыз.

Бүгінгі таңда эко-өмір салтын ұстану, артық тұтынудан бас тарту – еуропалықтарға еліктеу емес, керісінше, өз тамырыңа, бабалар философиясына қайта оралу. Сондықтан өзгенің қаңсығын таңсық көрмей, байырғы құндылықтарымызды жаңғыртсақ игі.

Айша ҚАДЫР

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

06.07.2026
Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.