Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар делегациясымен жүздесті. Кездесуде алдағы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысы мен халықаралық байқаушылар миссиясының жұмысы талқыланды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Кездесуде ОСК басшысы ТМД ПАА байқаушыларының еліміздегі сайлау науқандарын бақылауға тұрақты қатысып келе жатқанын атап өтті. Ол биылғы наурызда өткен референдумда да халықаралық сарапшылардың жоғары кәсібилік көрсеткенін еске салды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы делегация мүшелеріне Мемлекет басшысының бастамасымен іске асып жатқан реформаларды баяндады. Сонымен бірге сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен науқан кезеңдерін таныстырды.
Негізгі басымдықтардың бірі – сайлау инфрақұрылымын жақсарту мен халықты ақпараттандыру. Мәселен, елімізде 10 300-ден астам сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Кездесуде мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын толық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.
«Халықаралық байқаушылар миссияларының ашық әрі толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалады», – деп атап өтті ОСК өкілдері.





