Талдықорған: +20°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Салық өзгерістері: Тұлғалар ескерер түйткілдер

23.04.2026
КҮНДЕРЕК
Салық өзгерістері: Тұлғалар ескерер түйткілдер
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары өңір кәсіпкерлері мен салық төлеушілер үшін қосылған құн салығын әкімшілендірудегі маңызды жаңалықтарды түсіндірді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексі аясында бизнес үшін бірқатар елеулі өзгеріс орын алды.

Облыстық МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Талғат Жарымбетов 2026 жылдан бастап күшіне енген басты жаңалықтарға тоқталды. Оның айтуынша, енді ҚҚС төлеушілер қатары айтарлықтай көбеймек.

Біз ҚҚС бойынша тіркеуге тұрудың үш жолын қарастырып отырмыз. Ерікті, міндетті және шетелдік компанияларға арналған шартты тіркеу. Басты назар аударатын жайт міндетті түрде тіркелуді қажет ететін жылдық табыс көлемі екі есеге қысқарды. Егер бұрын кәсіпкерлер белгілі бір жоғары шекке жеткенде ғана салықтың бұл түрін төлесе, енді аталған меже төмендетілді. Бұл дегеніміз шағын және орта бизнес өкілдерінің көбі ҚҚС төлеушілер санатына ертерек енуі мүмкін, – дейді Талғат Жарымбетов.

Ол мемлекеттік мекемелер мен жеке практикамен айналысатын тұлғаларға бұл талаптың жүрмейтінін атап өтті.

Бөлім басшысы Ернар Алыпбай кәсіпкерлерді ұқыптылыққа шақырды. Оның айтуынша, заңда белгіленген мерзімді өткізіп алу бизнестің қалтасына ауыр салмақ салуы мүмкін.

Кәсіпкер өзінің жылдық айналымы рұқсат етілген шектен асқанын байқаған бойда, бес жұмыс күні ішінде салық органына өтініш беруі тиіс. Егер бұл мерзімді сақтамаса немесе тіркелмей жұмыс істей берсе, қомақты айыппұл қарастырылған. Тіпті, тіркелмей жұмыс істеген кезеңдегі барлық табысының белгілі бір пайызын мемлекетке айыппұл ретінде төлеуге мәжбүр болады. Сондықтан әрбір кәсіп иесі өз айналымын алдын ала жоспарлап, заңға сәйкес әрекет еткені абзал, – деп түсіндірді спикер.

Жаңа ережелерге сәйкес, салық мөлшерлемесі де біркелкі болмайды. Негізгі мөлшерлеме біршама көтерілгенімен, әлеуметтік маңызы бар салаларға жеңілдік берілмек. Мәселен, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен қызметтер үшін салық мөлшері әлдеқайда төмен болады. Ал тегін медициналық көмек пен ауыр дерттерді емдеуге бағытталған қызмет бұл салықтан босатылады.

Мамандардың айтуынша, енді салық органдары электрондық шот-фактураларды қатаң бақылайды. Егер кәсіпкер хабарламаларға жауап бермесе немесе көрсетілген мекенжайда табылмаса, оның шот-фактура жазып беру құқығы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Дегенмен, заңды дұрыс орындаған экспорттаушылар мен инвесторлар үшін жағымды жаңалық бар. Мемлекеттен артық төленген салықты қайтарып алу мерзімі едәуір қысқарды. Енді бұл процесс екі айға жетпейтін уақыт ішінде жүзеге асырылады.

Жиын соңында спикерлер бұл өзгерістің барлығы бизнестің ашық жүруіне және ел бюджетінің толығуына бағытталғанын жеткізді. Кәсіпкерлерге кез келген сұрақ бойынша жергілікті мемлекеттік кірістер органдарынан кеңес алуға болатыны ескертілді.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Қырық түп жеміс ағашы егілді

Қырық түп жеміс ағашы егілді

23.04.2026
Туризм әлеуеті  жоғары бағаланды

Туризм әлеуеті жоғары бағаланды

23.04.2026
Көктемгі науқан көңілге сеп

Көктемгі науқан көңілге сеп

23.04.2026
Салық өзгерістері: Тұлғалар ескерер түйткілдер

Салық өзгерістері: Тұлғалар ескерер түйткілдер

23.04.2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді

Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.