Талдықорған: +43°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сапар сапалы жолдан басталады

16.07.2026
КҮНДЕРЕК
Сапар сапалы жолдан басталады

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында аудандық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – Жансүгір мен Ақсу ауылдары арасын жалғайтын автокөлік тас жолдарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары. Газет тілшілері сол учаскедегі құрылыс істерін көріп қайтты.

Байқағанымыздай, құрылыс алаңындағы жұмыстар бүгінде қыза түскен. Жол саласы мамандары жаз айының ыстығына қарамастан еңбек көрігін қыздырып, белгіленген кестеге сай міндеттерін мінсіз орындауда. Заманауи техникалар да кеңінен тартылып, құрылыс қарқынын арттыра түскен.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айдос Досжановтың айтуынша, екі елді мекен ортасындағы жол құрылысының жалпы ұзындығы 30 шақырым. Бұл учаскедегі орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталған. Құрылыс жұмыстарының мердігері – «Жетісу жол құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Аталған 30 шақырымның 11 шақырымы толықтай жаңа асфальт жамылғысымен жабылып, негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда бұл бөліктерде жол жиектерін нығайту, жол белгілерін орнатып, таңбаларын сызу сияқты жұмыстар атқарылуда. Ал қалған бөліктерінде ескі жолды жаңарту, негізін дайындау және асфальт төсеуге дайындық жұмыстары қарқын алған. Барлық құрылыс жоспарға сәйкес іске асырылуда. Егер ауа райы қолайлы болса, қазан айының соңына дейін жол құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

Тұрғындар үшін маңызы ерекше жолға отыз жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Соның салдарынан жолдың тозығы жетіп, көптеген жері ойылып, көлік қозғалысына қолайсыз жағдай туғызған. Әсіресе көктем мен күз мезгілдерінде жүргізушілер үшін қиындық көп болғанын жергілікті халық жақсы біледі.

Бүгінде жол құрылысы барлық технологиялық талаптарға сай атқарылуда. Алдымен әбден ескірген асфальт қабаты арнайы техникалардың көмегімен қырылып алынады. Кейін жол табаны тегістеліп, нығыздалып, қажетті негіз дайындалған соң жаңа асфальт жамылғысы төселеді. Мұндай тәсіл жолдың ұзақ жыл бойы сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Жоба аясында тек жол жабыны ғана емес, соның бойындағы инженерлік нысандар да жаңартылуда. Осы уақытқа дейін 13 су өткізгіш құбыр толықтай ауыстырылып, жаңадан орнатылған. Бұл көктемгі қар суы мен жауын-шашын кезінде жолдың бұзылуының алдын алып, ұзақ мерзімге қызмет етуіне ықпал етеді.

Құрылыс жұмыстарына қажетті арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар толық жұмылдырылған. Асфальт төсегіштер, жол тегістегіштер, катоктар, жүк көліктері, басқа да арнайы техникалар күн сайын құрылыс алаңында тоқтаусыз еңбек етуде. Мамандар уақытпен санаспай қызмет көрсетіп, нысанды белгіленген мерзімде аяқтауға күш салуда.

Жансүгір мен Ақсу арасындағы жолдың жаңаруы – жергілікті халық үшін көптен күткен қуанышты жаңалық.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілгеніне шынайы қуаныштымыз. Бұрын жолдың жағдайы қатынауға қиындық туғызатын. Қазір ауыл ішінде жүру де, қатынау да әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз. Осы жұмыстардың жүзеге асуына үлес қосқан барлық азаматқа алғысымыз шексіз. Игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз, – дейді ауыл тұрғыны Жібек Әсетқызы.

Ойтоған мен Ақсу ауылдары арасындағы 20 шақырым жолдың құрылыс жұмыстары да қарқын алып келеді. Жобаға сәйкес биыл аталған учаскенің 5 шақырымы жөнделсе, қалған 15 шақырымын келесі жылы жаңарту жоспарланған. Осылайша, жол құрылысы толық аяқталып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауына мүмкіндік жасалмақ. Бұған қоса Ойтоған мен Матай ауылдары арасындағы автокөлік жолдарын жаңарту мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары жоспарға сәйкес іске асырылып, ауылдар арасындағы көлік қатынасының сапасын жақсартуға оң ықпал етеді. Бұдан бөлек, біз өңірде Балқаш көлі жағалауындағы туризмді дамыту бағытында инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстарының жүйелі түрде жүзеге асырылу үстінде екенін де көріп қайттық. Осы мақсатта Көлтабан, Матай және Лепсі ауылдарындағы демалыс орындарында санитарлық-гигиеналық тораптар мен заманауи демалыс алаңдары салынып, қолданысқа өткен. Бүгінде автокөлік жолы бойында орналасқан жаңа үлгідегі санитарлық-гигиеналық кешендер толықтай пайдалануға беріліп, тұрғындар мен туристер игілігіне қызмет көрсетуде.

Нысандардың ішінде келушілерге қолайлы жағдайдың барлығы қарастырылған. Атап айтқанда, ана мен балаға арналған арнайы бөлме, қажетті азық-түлік сатылатын сауда орны жұмыс істейді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың емін-еркін кіріп-шығуына және қызметті кедергісіз пайдалануы үшін жағдайлар қарастырылған. Аталған жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттырумен қатар Балқаш көліне келетін демалушыларға сапалы қызмет көрсетіп, қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік берген.

Балқаш көліне баратын 110 шақырым автокөлік жолын жөндеу жұмыстары биыл толық аяталады. Өздеріңіз білетіндей, бұл жолдар асфальтталып, қозғалысқа берілді. Бүгінгі таңда Молалы айналма жолынан Лепсі ауылына баратын жол бойын абаттандыру, жол белгілерін орнатып, таңбаларын сызу, жол жиектерін нығайту сияқты жұмыстар жүзеге асырылуда. Жол жағасында төрт демалыс аймағы, автокөліктерді тексеруге және жөндеуге арналған эстакадалар да бар, – дейді басқарма басшысының орынбасары Айдос Манасұлы.

Жаңарған жол ауылдар арасындағы байланысты нығайтып, жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Халық игілігіне бағытталған мұндай жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асуы – барша жұрттың ортақ тілегі.

Айгүл БАЙБОСЫН

Қатысты жаңалықтар

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026
Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» атты фестиваль өтеді

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» атты фестиваль өтеді

17.07.2026
Қаратал ауданындағы экологиялық рейд

Қаратал ауданындағы экологиялық рейд

17.07.2026
«Семей орманындағы» өрт: қазіргі уақытта не белгілі?

«Семей орманындағы» өрт: қазіргі уақытта не белгілі?

17.07.2026
Елімізде 42 градусқа дейін ыстық болады

47 градусқа дейін ыстық: «Қазгидромет» 15 өңірге ескерту жариялады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.