Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті 2024 жыл мен 2025 жылдың он айындағы сары майды көтерме саудада өткізу нарығына талдау жұмыстарын аяқтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сары май нарықғындағы бағаның тұрақтылығы мен тауардың қолжетімділігі тікелей бәсекелестік деңгейіне байланысты. Мамандар жүргізген зерттеу облыс аумағында майлылығы 72,5-82,5% болатын өнімдерді сатумен айналысатын кәсіпкерлердің жұмысын қамтыды.
Талдау нәтижесі бойынша, 2024 жылы өңірдегі сары май нарығы «жоғары шоғырланған» (І түрі) санатқа жатты. Бұл дегеніміз – сауданың негізгі үлесі санаулы ғана ірі компаниялардың қолында шоғырланып, нарықта монополиялық белгілер басым болды деген сөз. Алайда 2025 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында жағдай айтарлықтай өзгеріп, нарық «орташа шоғырланған» (ІІ түрі) деңгейге ауысты.
Бұл оң динамика өңірдегі бәсекелестіктің орташа дамыған деңгейге көтерілгенін білдіреді. Жаңа кәсіпкердердің пайда болуы немесе шағын кәсіпорындардың белсенділігі нарықтағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің тексерісі нарықты билеп-төстеп отырған компаниялардың бар-жоғын білу, кәсіпкерлердің өзара келісіп алып, бағаны жасанды көтеру (картельдік келісім) қаупін сейілту, монополияға қарсы заңнама талаптарының сақталуын қадағалаумаңызды сынды міндетті шешеді.
Нарықтың жоғары шоғырлану деңгейінен орташа деңгейге түсуі – тұтынушы үшін жақсы көрсеткіш. Себебі бәсеке бар жерде саудагерлер тұтынушыларды тарту үшін тауар сапасын жақсартуға және бағаны тиімді ұстап тұруға тырысады.
Қазіргідей бәсекелестік ортада кәсіпкерлер нарық заңдылықтарына бағынуға мәжбүр. Өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады. Департамент мамандары монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталса, тиісті шаралар қолданылатынын ескертеді.





