Талдықорған: +3°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

САРЫӨЗЕК ГАРНИЗОНЫНДА САРБАЗДАРДЫҢ РУХЫН КӨТЕРЕТІН АУҚЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

7 ақпан 2022
КҮНДЕРЕК
САРЫӨЗЕК ГАРНИЗОНЫНДА САРБАЗДАРДЫҢ РУХЫН КӨТЕРЕТІН АУҚЫМДЫ ШАРА ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешімімен әскери жеке құрамның моральдық және психологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс тобы Сарыөзек гарнизонына келді.

Өткізілген патриоттық акция әскери қызметшілердің жоғары моральдық рухын қолдауға, Отан қорғаушының жоғары миссиясының маңызын нығайтуға бағытталған.

Аталған іс-шараға Кербұлақ аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бөкен Рысбеков, Қазақстан Қарулы Күштері және Ауған соғысының ардагері, отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиев, гарнизон бастығы, полковник Ержан Ембергенов және Сарыөзек гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің барлық жеке құрамы қатысты.

Шара басында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев әскери қызметшілердің төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті, ел тыныштығын қамтамасыз ету бойынша аса күрделі іс-шараларды атқарғанын баяндап, төтенше жағдай кезінде қаза болған Отан қорғаушыларды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады. Сонымен қатар, гарнизонда Қорғаныс министрлігі Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери тарихи музейінің «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» атты тақырыптық көрмесі ашылып, патриоттық акцияға қатысушылар назарына ұсынылды. Ал ұсынылған экспонаттардың ішінде Бөгенбай батырдың дулығасы, аты аңызға айналған қолбасшылар Бауыржан Момышұлы мен Иван Панфиловтың жеке заттары үлкен қызығушылық тудырды.

– Біз бүгін аталған әскери-патриоттық акцияға қатыстық. Әскери тарихи мұражайды тамашалап, ондағы экспонаттармен танысып, тамаша әсер алдық, – деді акцияға қатысушы сарбаз, қатардағы жауынгер Қуаныш Әбдіғали. Сондай-ақ, «Күшіміз — бірлікте!» патриоттық акциясы аясында тәрбие құрылымдарының офицерлері әскери ұжымдардағы моральдық ахуалды зерделеу, антитеррористік операцияға қатысқан әскери қызметшілерді психологиялық оңалту бойынша кешенді жұмыстар жүргізді.

Біздің басты құндылықтарымыз – егемен Қазақстанның бейбіт өмірі мен ашық аспаны, халықтың ауызбірлігі, экономикамыздың дамуы екенін айта кеткен жөн.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

27 қазан 2026
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

27 қазан 2026
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

27 қазан 2026
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

27 қазан 2026
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

27 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.