Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сәт сапар саған, жас түлек!

Жетісу облысының орталығында 35 мыңнан астам оқушы тағы бір оқу жылын табысты тәммамдап, мектептерде соңғы қоңырау соғылды.

23 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Сәт сапар саған, жас түлек!
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы үздік оқу орындарының бірі – дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатында арнайы барып, ондағы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Жиналған қауым алдында сөз алған Ернат Дүйсенбекұлы  қазір аймақтағы білім саласына баса көңіл бөлініп, заман талабына сай жаңа мектептер бой көтеріп жатқанын  айрықша атап өтті.

– Бүгін сіздер балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрсыздар. Алда түрлі сынақтар мен мүмкіндіктер күтіп тұр. Мен сіздердің ҰБТ-ны сәтті тапсырып, армандаған оқу орныңызға түсіп, еліміздің игілігіне қызмет ететін білікті маман болуларыңызға тілектеспін! Әр жетістігіңізде ұстаз бен ата-ананың үлесі бар екенін ұмытпаңыздар, – деді шаһар басшысы.

Айта кетейік, Талдықорғандағы 32 жылдық тарихы бар бұл «Білім-Инновация» лицей-интернатын биыл 41 түлек тәмамдамақ. Олардың арасында 7 оқушы – «Алтын белгіге», 5 оқушы – үздік аттестатқа үміткер. Ерекше атап өтерлігі, осы білім ордасының түлегі Сыдық Асылтай Нью-Йорк университетінің Абу-Даби қаласындағы филиалына «Жаратылыстану-математика» бағыты бойынша толық грант иегері атанды. Бұл – мектеп ұстаздарының кәсіби еңбегі мен Сыдық Асылтайдың табандылығының жарқын нәтижесі. Оның жетістігі Жетісу өңірінің білім сапасын халықаралық деңгейде танытқан.

Сала мамандарының мәліметінше,  2024–2025 оқу жылында Жетісу  облысының орталығында 3720 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаса, 1442 оқушы мектеппен қоштасқан. Олардың 45-і – «Алтын белгі» үміткері болса, 68 түлек үздік аттестатпен бітіреді деп күтілуде. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) биылғы жылы 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.