Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сауда орындарына бақылау күшейтіледі

06.02.2025
КҮНДЕРЕК
Сауда орындарына бақылау күшейтіледі

Өткен  жылы  облыс бойынша тұтынушылардан 1242 өтініш түсті. Бұл туралы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы  Айдос Дауешов  мәлім етті.

Спикердің айтуынша, өтініш жазушылар саны  алдыңғы жылмен салыстырғанда өскен. Ең көп шағым бөлшек сауда, электрондық сауда  және тұрмыстық қызметтерге қатысты болды. Осы орайда, 2024 жылы тұтынушыларға саудагерлерден 67 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  бағаларының негізсіз өсуін  анықтау үшін 143 тексеру жүргізілген. Сондай-ақ, 134 жоспардан тыс тексеруде заң бұзушылықтар анықталып, ескерту жасалып, айыппұл салынды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жоспардан тыс 9 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 9 заң бұзушылық тіркелді.

2024 жылғы негізгі резонансты істер: «Омарсервис» ЖШС тұтынушыларға дұрыс қызмет көрсетпегені үшін сотқа берілді (12,7 млн. теңге). Сондай-ақ, «Ясина» ЖК  сапасыз білім беру қызметі үшін сотқа тартылды.  «Базарханов» ЖК алдын ала төлем қабылдап, тауарды жеткізбегені үшін ісі құқық қорғау орындарына хабарланды.

Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша  облыста такси, ТКШ қызметтері мен электр энергиясын таратуға қанағаттанбайтындар қатары өскен. Тұтынушылардың 57 пайызы сауда жасау жағы өз құқықтарынан хабардар, ал 25 пайызы оған қызығушылық танытпайды. Сол үшін департамент мамандары кәсіпкерлер арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуде.  Тұтынушылар үшін құқықтық білім беру және құқықтарын қорғау механизмдері туралы кеңінен ақпарат таратуда. Жауапты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, көлік, ТКШ, сауда салаларындағы бақылауды күшейту.

Бұл бағыттардағы жұмысты жетілдіру – тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. 

Брифингте журналистер тарапынан «Жаңа-Сана» коммуналдық қызметіне байланысты сұрақтар қойылды.  Оған  жауап берген спикер бұл мәселе басқа да тұрғындар тарапынан қозғалып отырғанын, қазіргі таңда  тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. Департамент қызметкерлері  болашақта  халықпен байланысты күшейтіп, кәсіпкерлерге тұтынушылардың құқын сақтауда  түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндерін айтты.                                   

Елдана Жетпісбаева, 
ЖУ-дің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенті

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.