Талдықорған: +21°C
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Саяси үдеріс бастауы

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, ел Мемлекет басшысының дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын асыға күтеді һәм биыл да солай күтті. Себебі, Жолдау тек мінберде айтылып қоятын сөз емес, еліміздің даму жоспары бекітілген бағдары, стратегиялық бастамалар жасақталған бағдаршамы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолы әлемдегі тоғызыншы территорияны жаһандық үдеріс көшінде тың дамытуға бастағандай. Әдеттегідей Қазақстан заң үстемдігі салтанат құрған һәм дамуы демократиямен үндескен ел болып қалмақ.

11.11.2025
КҮНДЕРЕК
Саяси үдеріс бастауы

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Бұл ретте құқық қорғау органдарына артылар жүк басым және бұл саланы жан-жақты қолдау қажет. Әрине, құзырлы органдар бір ғана «Заң және тәртіп – мемлекеттің мызғымас тұғыры» ұранын ұстануы тиіс. Бастысы, заңсыздыққа, құқықбұзушылыққа қарсы тұруы қажет. Мемлекет басшысының сөзіне сенсек, сонда ғана қоғамда құқықбұзушылыққа, зорлық-зомбылыққа қарсы сана қалыптасады.

Қоғамда ұлттық әдеп һәм мәдениет құндылықтарын әспеттеп, татулық пен бірлік туын асқақтатуға шақырған. Президент отбасылық құндылықтың маңызын дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіне терең мән беру керегін де жеткізді. Бастысы, мәдениетсіздік пен әдепсіздік еліміздің халықаралық беделіне де нұқсан келтіретінін қадап айтты. «Адамдарда дөрекі сөйлеп, бір-бірімен ерегісу, қоғамдық орындарда айғай-шу шығару жиі кездеседі. Өкінішке қарай, мұндай көріністердің ішінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер де бар. Бұл – мәдениетті, өркениетті қоғамға лайықсыз қылық, еліміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіретін құбылыс», – дей келе, Қ.Тоқаев хакім Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» тәмсілімен тұрмыс кешуге шақырды.

Еліміздегі саяси жүйені де жетілдіру Жолдаудан тыс қалмады. Президент жаһандану көшінен қалмай, цифрлы мемлекетке айналу үдерісін ілгерілетіп, сандық технологияны меңгеруге жаңа көзқарас керегін жеткізді. Ол үшін арнайы министрлік те құрылады. Сонымен қатар, бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. Бұл шын мәнінде ел тағдыры үшін маңызды қадам болмақ. Парламенттік реформа тосыннан келген жай емес және бұл асығыс жүзеге асыра салуға болмайды. Мұны нық айтқан Мемлекет басшысы еліміздегі кез келген саяси үдеріс халықтың шешімінсіз жүзеге аспайтынын да жеткізді. Бұл шын мәнінде халық билігі, халықтық демократияның салтанат құрғанын айқын дәлелдесе керек. Айтпақшы, Жолдауда айтылғандай 2027 жылы жалпыұлттық референдум өтіп, Конституцияға тиісті өзгерістер енгізілетін болды.

Әдеттегідей Мемлекет халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын да ескерусіз қалдырмады. Инфляцияның қазақстандықтар үшін ауыр соққы болып жатқанын ашық айтты. Күн көріс қиындағанын да жеткізді. Оған себеп, Қазақстанның сауда нарығында шетелдік тауардың басымдығы. Әрине, отандық өніммен ішкі нарықты толтыру мүмкін емес. Қоянқолтық экономикалық байланыс дәуірінде өз елін тек өз өнімімен ғана қамтып отырған ел жоқ әлемде. Дегенмен, Үкіметке Мемлекет басшысы ішкі нарықта барынша «Қазақстанда жасалған» өнім көлемін ұлғайтуды жүктеді. Сонымен қатар, Ұлттық банкпен бірлесіп халық табысын «жеп жатқан» инфляциямен күресуде нақты жоспар құрып, нақты әрекет етуді жүктеді және «арқан тартыс қылмауды» тапсырды.

Соңғы кезде жүзеге асқан салықты оңтайландыру реформасы елімізде сәтті жүзеге асты. Бұл Жолдауда Президент салықтық әкімшілендіруді түбегейлі жаңғырту да қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар, салықтан түскен қаржы азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіп, инфрақұрылым тұрғызуға және қолдау шараларын іске асыруға бағытталуы шарт. Бұл мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынастың сервистік жаңа үлгісін қалыптастыруға жол ашады. Шыны керек, Мемлекет басшысының бұл бастамалары салық жүйесін әділ әрі ашық етуге, мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеруге және кәсіпкерлікті дамытуға серпін бермек.

Жалпы, Жолдауда ел дамуына жаңа бастамалар көтерілді. Енді тек билік пен халық бірлікпен қабылдап, соны жүзеге асыру қажет. Ел дамуы үшін, Қазақстан өркендеуі үшін.

Арыстанғали АРЫН
«Amanat» партиясы Жетісу облыстық филиалы төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Ертеңнен үмітіміз зор

Ел ертеңі үшін

12.08.2026
ЕКІ МЫҢ ДОП ТАРАТЫЛДЫ

Жетісу спортындағы өзгерістер мен жетістіктер

12.08.2026
Шекарадағы қызмет – Отан алдындағы аманат

Шекарадағы қызмет – Отан алдындағы аманат

12.08.2026
Кедендік төлем өзгерсе, көлік бағасы қымбаттай ма?

Кедендік төлем өзгерсе, көлік бағасы қымбаттай ма?

12.08.2026
Мектеп сөмкесінің салмағы қанша болу керек: Ата-аналарға ескерту

Мектеп сөмкесінің салмағы қанша болу керек: Ата-аналарға ескерту

12.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.