Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

12.12.2021
КҮНДЕРЕК
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы облысына Парламент Сенатының төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВ келді. Сенат төрағасы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жиынға қатысып, жетісулықтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің сайты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Еліміздің ең ұлық мерекесі — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында өтті. Жетісу жұртшылығымен кездесуде Мәулен Әшімбаев Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдеріне және еліміздің 30 жылда қол жеткізген табыстарына тоқталды. Сенат спикері осы жылдар ішінде еліміз шекараны шегендеп, жаңа экономикалық жүйеге көшіп және оны нығайтып, мемлекеттік институттардың берік негізін қалағанын айтты.

— Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімімен Арқа төріне жаңа елордамызды тұрғыздық. Астананы салу тұтас елдің экономикасына мультипликативті әсерін тигізді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы барлық сала мен өңірге қан жүгірткен еліміздің нағыз жүрегіне айналды, — деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік алғалы Алматы облысының өсіп-өркендегенін және осы кезеңде өңір тұрғындарының тұрмыстық жағдайы артқанын тілге тиек етті. Аймақта ірі кәсіпорындар бой көтеріп, мыңдаған жұмыс орны ашылғанына назар аударды. Сондай-ақ Сенат төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді жаңғырту бағдары Қазақстанның дамуына тың серпін бергенін және соның аясында саяси, әлеуметтік реформаларды іске асыруға жол ашылғанын жеткізді.

— Саяси бәсекенің нығаюына ықпал еткен маңызды шешімдер қабылданды. Әлеуметтік саланы дамытуға айтарлықтай назар аударылды. Мұғалімдердің, медицина, мәдениет қызметкерлерінің жалақысы едәуір ұлғайды. Ұстаздардың мәртебесі өсті. Мүгедектерді қолдау бағытындағы заңнамалық база нығая түсті. Экономиканы әртараптандыру ісі жаңа қарқынмен жалғасын тапты, — деді Мәулен Әшімбаев.

Салтанатқа жиналған көпшілікті Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев та құттықтап, тәуелсіздіктің ел дамуындағы мән-маңызына тоқталды:

— Биыл барша қазақстандықтар тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтуде. Елдігіміздің алтын арқауы, бірлігіміздің берік бастауы болған осы мерейлі мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Өз Тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың батыл бастамасымен және өлшеусіз еңбегімен жаңа да жасампаз дәуірге қадам басты. Осы жылдар ішінде ғасырға бергісіз мүмкіндіктерге жол ашылды, ауқымды жұмыстар атқарылды. Елбасының салиқалы саясатымен іске асырылған ұлан-ғайыр істерді қазір Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалғастырып келеді. Тарихқа тағзым ету, тұлғаларды тану, елдікті құрметтеу, тәуелсіздікті одан әрі нығайту – бәрімізге артылған үлкен міндет, бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы. Бұл ретте қарапайым азаматтардың мемлекет дамуына қосқан үлесі зор. Олар елдің ертеңіне сенді, күндіз-түні тынымсыз еңбек етті, табандылық танытты. Бұл Тәуелсіздігіміздің нығаюына өз септігін тигізді, — деді Қанат  Бозымбаев.

Осы орайда облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне белсене араласқан бірқатар азаматтардың есімін құрметпен атап өтті. Сол сияқты тәуелсіздік жылдарында Алматы облысының жеткен жетістіктеріне де тоқталды.

Мәселен, халықтың тұрмыс сапасын жақсартудың арқасында тәуелсіздік жылдарында өңірде 548 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 1999 жылдағы 14,2%-тен 2021 жылы 4,8%-ке төмендеді. 15 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй, 198 мектеп, 1 мыңнан астам балабақша, 32 спорт нысаны, 153 медициналық мекеме, 7 фармацевтикалық зауыт іске қосылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 67-ден 72 жасқа жеткен.

Мұндай іргелі істерге мемлекет қолдауының арқасында қол жеткізілгенін айта келе, облыс басшысы тәуелсіздікті нығайтудың бірден бір жолы татулық пен тұрақтылықты сақтау, еселі еңбек ету екеніне тоқталып, жетісулықтарға тілегін білдірді.

— Отанымыздың Көк туы биікте желбіреп, бейбіт таңымыз арайлап ата берсін! Еліміз аман, заманымыз тыныш, шығар биіктеріміз көп болсын! Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, Мәңгілік Елдің мұраты жолында абыройлы еңбек ете берейік! – деді Қанат Бозымбаев.

Шара марапаттау рәсімімен жалғасып, жетісулық азаматтарға М.Әшімбаев пен Қ.Бозымбаев мемлекеттік наградалар тапсырды.

«Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, «Шапағат» медалі, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы жалпы саны 80-ге жуық адамға берілді. Шара патриоттық рухтағы мерекелік концертпен түйінделді.

Мәулен Әшімбаев облысқа сапары аясында «Талдықорған» жүзу бассейніне және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Студенттер үйіне арнайы ат басын бұрды. Одан бөлек, жергілікті Тәуелсіздік құрдастарымен кездесіп, егемендіктің 30 жылында атқарылған жұмыстың бәрі, ең алдымен, өскелең ұрпақты қолдауға бағытталғанын айтты. Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай қорғау, оны қадірлеу және нығайту барша қазақстандықтың ең басты міндеті екенін, бұл ретте, әсіресе, жастарға үлкен жауапкершілік жүктелетінін де тілге тиек етті.

— Бүгін сіздер 2050 жылдың жастары үшін хат әзірлеп отырсыздар. Еліміз осы ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат етіп қойды. Бұл хатты сол үлкен елдік мақсатымыз орындалған қоғамның жастары оқиды деп сенеміз. Ал бүгінгі жас буын сол жарқын қоғамды қалыптастыру үшін аянбай еңбек етуі керек. Жастарымыз бұл міндетті абыроймен орындайды деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.