Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сенаторлар әйел құқығы мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңды талқылайды

9 сәуір 2024
КҮНДЕРЕК
Сенаторлар әйел құқығы мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңды талқылайды
WhatsAppTelegramFacebook

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар салалық комитеттердің осы аптадағы іс-шараларын және 11 сәуірде өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде белгілеп берген міндеттерге тоқталды.

«Он облыста төтенше жағдай жарияланды. Президентіміз су тасқыны салдарымен күресуге нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың шығындары толық өтелетінін айтты. Палатамыз да өз тарапынан, тасқынмен күреске көмек көрсетуде. Бір топ Сенат депутаты зардап шеккен өңірлерге барып, жергілікті билікке және тұрғындарға қолғабыс көрсетуде. Осындай сын-сағатта барша қоғам болып бірлесіп, төтенше жағдайдың салдарымен күреске жұмылу аса маңызды», – деді Сенат Төрағасы.

Іс-шара барысында сенаторлар Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Соған сәйкес алдағы бейсенбіде депутаттар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды және оған ілеспе «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бірінші оқылымда қарайды. Бұл заңдар отбасылық-тұрмыстық және қоғамдық салаларды қоса алғанда, зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдату бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленген.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін тиісті заңдар әзірленді. Сенаторлар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын күшейтуді қолдайды. Заңдардың қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, оларды бейсенбідегі Палата отырысына шығаруды көздеп отырмыз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Құжаттарда көрсетілген нормалар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.

Сенат Төрағасы атап өткендей, бұл заңдар қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Осыған байланысты сенаторлар азаматтармен жеке кездесулер өткізді және құжаттардың жекелеген нормаларына қатысты жүздеген өтінішті қарады. Сондай-ақ Палата Спикері заңның негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын отырысқа дейін белсенді жүргізіп, одан кейін де жоғары деңгейде жалғастыру керек екенін айтты.

Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балаларға арналған интернаттық ұйымдарды мемлекеттік бақылаудың ерекше тетіктері, балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер және білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін мекемелерді лицензиялау міндеттілігі енгізіледі.

Сондай-ақ Палата отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл құжат тиісті салалардағы заңнаманы жетілдіруге арналған.

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.