Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Серік ҮМБЕТОВ: «ЖАС ОТБАСЫН БАСПАНАМЕН ҚАМТУ КЕРЕК»

6 ақпан 2019
КҮНДЕРЕК
Серік ҮМБЕТОВ: "ЖАС ОТБАСЫН БАСПАНАМЕН ҚАМТУ КЕРЕК"
WhatsAppTelegramFacebook

Парламент Мәжілісінің депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері Серік ҮМБЕТОВТІҢ өңірлердегі жұмыс сапары жалғасуда. Қарасай ауданына сапар барысында ол еңбек ұжымдарына Елбасы Жолдауының басымдықтарын тарқата жеткізді.

Депутат ең алдымен Қаскелең қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің жай-күйімен танысты. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бүгіндері мектепке басшылық жасап келе жатқан Дәурен Төлегеннің айтуынша, мектеп 1200 балаға арналып салынған. Бүгінде 800-ден аса оқушы спорттың 15 түрінен жаттығуда. Соның ішінде футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, жеңіл атлетика, дзюдо, қазақ күресі, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, бокс, қол күресіне қызығушылық артуда.

Екінші қабатта орналасқан секцияда жаттығып жүрген спортшы қыздармен әңгімелескен Серік Әбікенұлы олардың әлемдік аренада топ жаруға тілектес екендігін білдірді. Ал, жас футболшыларға қарап өзінің балалық шағындағы және бүгінгі спорттың жағдайын салыстыра айтып берді.

Осыдан кейін аудан әкімі Жандарбек Далабаев бастаған делегация қаланың батыс жағында жаңадан бой көтерген «Қарлығаш» шағынауданына ат басын бұрды. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер компания «Еламан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Ерғали Миразов халық қалаулысына атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

Айта кетерлігі, мемлекеттің қолдауымен инженерлік инфрақұрылымдарының барлығымен қамтылған ауданда көпқабатты 30 үй салынатын көрінеді. Бүгіннің өзінде көптеген отбасы қоныстойын тойлап, жаңа пәтер кілтіне ие болған.

Серік Әбікенұлы елді мекенде «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы арқылы баспанаға ие болған Елдос Сарқұловтың пәтеріне барды. Әскери қызметтегі жұбайы жұмыста болғандықтан Анель пәтер кілтіне қалай ие болғандарын әңгімеледі.

Өз кезегінде жас отбасының қуанышына ортақтасқан қоғам қайраткері кішкене бүлдіршіндерге көрімдік беріп, пәтердің байғазысын қалдыруды да ұмытпады.

– Елбасының Жолдауын насихаттау үшін елге келіп, мұндағы игі істермен танысып жүрмін, – деген С. Әбікенұлы сапар барысында көңілге түйгенін баяндады. – Жаңадан ашылған спорт кешені көңіліме үлкен әсер қалдырды. Себебі, біз Қазақстанды экономика, саясат, өнерімен ғана емес, спортымен де әлемге әйгілі етуіміз керек. Жас спортшыларымыз ертең ел байрағын желбіретіп жүретін сайыпқырандарға айналып жатса, керемет емес пе?! Тіпті, спортшы болмаған күннің өзінде рухы биік, денсаулығы мықты азаматтар тәрбиеленіп шығады ол жерден. Одан бөлек, Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл жерде үш мәселеге көңіл бөлген жөн. Алдымен жеткіншектерге білім беріп, мамандық меңгерту қажет. Содан кейін оларды жұмысқа орналастыру маңызды. Соңында жас отбасын баспанамен қамту керек. Міне, сонда ғана олар алаңсыз еңбек етіп, Отанына адал қызмет істейтін болады. Қарасай ауданында осы мәселелердің жүйелі шешіліп келе жатқаны қуантады, – деді ол.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
Қарасай ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.