Талдықорған: +11°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Шетелге жалақысы көп жұмысқа шақырды»: ІІМ алаяқтардың жаңа әрекеті пайда болғанын ескертті

5 наурыз 2026
КҮНДЕРЕК
«Шетелге жалақысы көп жұмысқа шақырды»: ІІМ алаяқтардың жаңа әрекеті пайда болғанын ескертті

istockphoto.com

WhatsAppTelegramFacebook

Ішкі істер министрлігі интернет арқылы қазақстандықтарды шетелдегі «жалақысы жоғары жұмысқа» тарту жағдайлары көбейгенін мәлімдеп, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен түрлі хабарландыру сайттарында табысы жоғары жұмыс ұсынып, азаматтарды шетелге шақырады. Хабарландыруларда жол ақысы мен жатын орны тегін екені, жұмысқа тәжірибе мен тіл білудің қажет еместігі айтылып, оңай табыс табуға уәде беріледі. Мұндай ұсыныстар көбіне Telegram-арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда таралады.

Алайда шетелге барған азаматтар іс жүзінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін. Атап айтқанда:

  • жеке куәлік пен өзге де құжаттарының тартып алынуы;

  • еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің шектелуі;

  • интернет арқылы жасалатын алаяқтық схемаларға күштеп тартылу;

  • уәде етілген жалақының берілмеуі;

  • «босатып жіберу» немесе елге қайтару үшін ақша талап ету;

  • қысым көрсету мен қорқыту.

Ішкі істер министрлігі мұндай жағдайларға тап болмас үшін бірнеше сақтық шарасын ұстануға кеңес береді. Атап айтқанда:

  • шетелге жұмысқа тек ресми тіркелген, лицензиясы бар агенттіктер арқылы бару;

  • жұмыс беруші туралы мәліметті және келісімшарт талаптарын мұқият тексеру;

  • құжаттар мен жеке деректерді бейтаныс адамдарға бермеу;

  • сапар бағыты мен баратын жері туралы жақындарға алдын ала хабарлау.

Егер күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген жөн. Ведомство өкілдері азаматтарды қырағы болуға және интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда құрылыс қарқынды

Талдықорғанда құрылыс қарқынды

Бүгін, 10:28
Жетісу облысында көлік апаттары 7 пайызға азайды

Жетісу облысында көлік апаттары 7 пайызға азайды

Бүгін, 10:01
Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Бүгін, 09:28
270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.