Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті аймақта қатты жел соғатынын ескертеді.
«Қазгидромет» РМК-ның ескертуі негізінде 1 қыркүйек күні Жетісу облысында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және келесі сақтық шараларын ұстануға шақырады:
— қатты жел соққан кезде үйде болыңыз, үйден шықпаңыз;
— үйлердің қабырғаларына, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарнама тақталарына, ағаштардың астына, салынып бітпеген ғимараттардың жанына тығылуға болмайтынын ұмытпаңыз;
— электр желілерінің астында тұруға және үзілген электр сымдарына жақындауға қатаң тыйым салынады;
— балаларды ерекше бақылау қажет және оларды қараусыз қалдыруға болмайды;
— барлық есіктер мен терезелерді жабыңыз;
— электр, газ және суды өшіріңіз;
— жел соққан кезде суға шомылуға болмайтынын ұмытпаңыз;
— егер сіздің көлігіңіз болса, ағаштардан, ғимараттар мен құрылыстардан мүмкіндігінше алыс жүруге тырысыңыз.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





