Күннен қорғайтын кремдер теріні ультракүлгін сәулелерден қорғаудың негізгі құралдарының бірі. Дегенмен, кейбір қате түсініктер оның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Міне, SPF туралы ең кең тараған 5 миф пен олардың шынайы мәні:
«SPF 100 кремі SPF 30-дан әлдеқайда қорғайды»
Жоғары SPF саны көп қорғаныс береді деп ойлау дұрыс емес. SPF 30 крем теріні күн сәулесінен 97% қорғайды, ал SPF 100 – тек 99%. Яғни, SPF 100 қолдану тек қымбатқа түсіп, жалған сенім тудырады.
«Бұлтты немесе жаңбырлы ауада SPF қажет емес»
Кейбір адамдар SPF тек ашық күнде ғана керек деп ойлайды. Шын мәнінде, UVA сәулелері бұлт арқылы да өтеді және теріні зақымдауы мүмкін. Сондықтан бұлтты күндері де күннен қорғайтын кремді қолдану маңызды.
«SPF кремін жағса, шексіз уақытқа күн астында болуға болады»
SPF теріні қорғайды, бірақ ұзақ уақыт күн астында болу теріге зиян келтіруі мүмкін. Күнге ұзақ шығу күйікке, пигментацияға және қартаюға әкеледі. SPF кремі тек қосымша қорғау болып табылады, күнге шығуды шектеудің орнына қолданылмайды.
«Тері түсіне қарай SPF қолдану міндетті емес»
Қара немесе қоңыр тері күн сәулесінен қорғалмайды деген пікір қате. Тері түсі қорғанысқа әсер етсе де, UVA және UVB сәулелері әр тері түрін зақымдауы мүмкін. Сондықтан SPF кремін барлық тері типіне қолдану ұсынылады.
«Бір рет жағу жеткілікті, күн бойы қорғайды»
SPF кремі теріге сүртілсе, терлесе немесе суға түскенде өзінің қорғанысын жоғалтады. Мамандар кремді әр 2 сағат сайын немесе қажет болса қайта жағуды ұсынады. Бұл теріні күн сәулесінен тиімді қорғаудың басты ережесі болып табылады.
SPF құралдары теріні күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғауда маңызды рөл атқарады. Дұрыс таңдау, уақытылы жағу және күнге шығу уақытын бақылау терінің денсаулығын сақтау мен қартаю белгілерін азайтуға көмектеседі.
Амина Тұрсынбекова
ЖУ-дің студенті





