Талдықорған: +5°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады

9 маусым 2023
КҮНДЕРЕК
Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады. 

Бұл қатарда балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаттардың педагогтарына, жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төленеді.  

Атап айтқанда, педагог-модератор біліктілік санаты үшін лауазымдық еңбекақының 30% мөлшерінде, педагог-сарапшыға — лауазымдық еңбекақының 35%, педагог-зерттеушіге – 40% және педагог-шебер біліктілік санаты үшін — лауазымдық еңбекақының 50% мөлшерінде үстемеақы көзделген.

Елімізде дене шынықтыру және спорт саласының 66 мыңнан астам маманы жұмыс істейді. Олардың арасында оқытушылар, жаттықтырушылар, әдіскерлер және басқа да қызметкерлер бар. Оның ішінде мамандардың шамамен 42%-ы немесе 28 мыңнан астамы ауылдық жерлерде қызмет атқарады.

«Елімізде бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту — маман даярлаумен және сала қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен тікелей байланысты. Жыл сайын 2 мыңға жуық мектеп түлегі жоғары оқу орындарына «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша қабылданады.

Бүгінгі таңда университеттердің білім беру бағдарламалары жаңартылып, оларға «Спорт менеджменті», «Спорт психологиясы», «Денсаулық менеджменті», «Спорттық құқық», «Спорттық медицина», «Спорт журналистикасы» және басқа да жаңа пәндер қосылды», — деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Дереккөз: inbusiness.kz 

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.