Талдықорған: +41°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Суару толастамайды

16.07.2026
КҮНДЕРЕК
Суару толастамайды

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Қаланы көркейту көше бойына ағаш отырғызумен ғана шектелмейді. Жасыл желекті күтіп-баптау, көгалдарды уақытылы суару, арық жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету – шаһардың экологиялық ахуалы мен тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды міндет. Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандарымен бірге бірнеше нысанды араладық.

Алғашқы аялдама – Қаратал өзенінің жағалауындағы демалыс аймағы. Бүгінде мұнда заманауи автоматты суару жүйесі толық іске қосылып, жасыл желекті күтіп-баптау ісі жаңа деңгейге көтерілген. Жобаны жүзеге асырған «КАМИЛА» ЖШС нысандағы суару жүйесін толық пайдалануға берген. Серіктестік өкілі Мұрат Сақыптың айтуынша, Қаратал жағалауындағы автоматты суару жүйесін орнатуға 300 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Жүйе толықтай компьютер арқылы басқарылады. Көгалдар тәулігіне екі рет, әрбір учаскеге жеті-сегіз минут уақыт бөлініп, алты сағат ішінде барлық аумақ толық суарылады. Су қысымы да талапқа сай болғандықтан жүйе үздіксіз әрі тұрақты жұмыс істеп тұр.

Заманауи технологияның басты артықшылығы – су ресурстарын үнемдеп, адам еңбегін жеңілдетуі. Соның нәтижесінде қаланың жасыл белдеуі уақытылы күтімге ие болып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда.

Бұл жұмыстардың алдағы жоспары туралы қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов айтып берді.

Қаламызда жасыл желекті күтіп-ұстау және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында автоматты суару жүйесін кезең-кезеңімен енгізіп келеміз. Қазір шаһарда 40 сквер мен 5 саябақ бар. Соның 21-і автоматты суару жүйесіне қосылған. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар тағы үш саябақта жүргізілуде. Оның бірі – Қаратал жағалауы. Жастар саябағындағы жұмыстар аяқталуға жақын. Осы айдың соңында,«Ардагерлер» саябағында да автоматты суару жүйесі іске қосылады. Қаладағы арық желілерінің жалпы ұзындығы – 374 шақырым. Қазіргі таңда оларды күтіп-ұстау және су бұру жұмыстарын «Energy Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып келеді, – дейді ол.

Бұдан кейін жұмыс тобы Назарбаев көшесі бойындағы арық желілерінің жай-күйімен танысты. Мамандардың айтуынша, арықтарға тасталатын тұрмыстық қалдықтар мен түрлі қоқыс бір күннің ішінде қайта жиналып үлгереді. Соның салдарынан су ағысына кедергі келіп, жүйенің қалыпты жұмысына әсер етеді. Осыған байланысты коммуналдық қызмет мамандары күн сайын арықтарды тазалап, су өткізу арналарының қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Бір тәуліктің өзінде елуге жуық тапсырма орындалады.

Таза көше, жайқалған жасыл желек, күтімі келіскен саябақтар мен үздіксіз жұмыс істейтін инфрақұрылым – өркениетті қаланың басты белгісі. Автоматты суару жүйесін кеңінен енгізу мен арық желілерін тұрақты күтіп-ұстау бағытындағы жұмыстар Талдықорғанның көркін келтіріп қана қоймай, экологиялық мәдениеттің де жаңа деңгейге көтеріліп келетінін аңғартады.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Тартысқа толы чемпионат

Ауылдарда спорт инфрақұрылымы дамып келеді

16.07.2026
Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

16.07.2026
Дәрілік заттарды өткізу нарығына талдау басталды

Дәрілік заттарды өткізу нарығына талдау басталды

16.07.2026
Көмірді жазда сатып алу ұсынылды

Көмірді жазда сатып алу ұсынылды

16.07.2026
Қазақстан Халықаралық медиация ұйымын құру туралы конвенцияға қол қойды

Қазақстан Халықаралық медиация ұйымын құру туралы конвенцияға қол қойды

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.