Талдықорған: 0°C
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сүттен құт өндірген

21.02.2026
КҮНДЕРЕК
Сүттен құт өндірген
WhatsAppTelegramFacebook

Жанталас деген жаһандану дәуірінде жалқаулықты желкеге мінгізгендер көп қазір. Екі қолға бір құрал таппай жүргендер де бар. Көпшіліктің айтары: «Қайтсем күнім оңалар, қайғы-мұңым жоғалар»! Бұлай демегеннің өзінде «Бүгінгі күннің кешегісінен айырмасы жоқ» дейтіндер де табылады. Күннен күннің айырмасы қайсы? Бүгінді кешегіден ерек қылар не дүние? Тірлігінде! Бәрін айт та, бірін айт, тірлік етудің жырын айт. Қолдан келерін істе, тырбаңда. Мемлекеттен несие ал, кәсіп қыл. Ал ондай болмады екен, кімге өкпелейсің? Ешкімнің ешкімге, адамның мемлекетке міндеті жоқ. Міндетсінсең, күннен күннің айырмасы болмайды. Осындай ой нәзіктігіне қарамай қайратын жаныған, кем қалмау деген тұрмыста қарекеті дараланған, жастығына қарамай бас болған Назерке Қуанышқызы есімді бұрымдының тірлігінен туындап отыр. Ісіне көз сүйсінді, көңіл тояттады. Соған орай «Жетісуда жасалған» айдарының тағы бір кейіпкеріне айналып отыр.

«Еңбегі ерге бергісіз» деген сөз бар. Ерлермен иін тіресе жүріп, талай жігіттің иығы көтермеген тірлік істей алатын нәзікжандыға айтылған теңеу бұл. Қанша ердің оң жамбасына, қанша азаматтың қолынан келмеген істі дөңгелетіп әкеткен кейіпкеріміз не істепті дейтініңіз анық. Жоқтан бар жасап отырған жоқ, қолда барды ұқсатуда.

Назерке Ибраимова Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылында 1997 жылы дүниеге келген. Қысқаша, өмірбаянына тоқталсақ, кейіпкеріміз Алматы қаласындағы №143 Сүйінбай Аронұлы атындағы мектепті тамамдаған. Содан кейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік экономикалық факультеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына оқуға түскен. Студенттік жылдарында университет өміріне белсене қатысқандықтан «Жастар комитетінің» президенті болып жұмыс атқарып, оқуын 2019 жылы үздік дипломмен аяқтаған. Оның бір бүйрегі ауылға тартып тұрғандай.

Кәсіпкердің жасы әлі отызға жетпеген. Дейтұрғанмен, Панфилов ауданын былай қойғанда Алматы қаласына танылған «NK» белгісімен өнім шығарып келеді. Күніге 1000 литр сүт өңдеп, 10 түрлі өнім даярлайды. Кілегей, құрт, сары май, сүзбе, ірімшік, қазақтың рафаэллосы, түрік айраны сынды өнімдері көпке әбден танылған. Танылғаны былай тұрсын, сұранысқа ие.

– Кәсібіміз 10 литр сүттен басталған. Үй жағдайында өнім даярлап көрдік. Сосын осыны неге ауқымды жүзеге асырмасқа деген ой туды. Шыны керек, қолда бар мүмкіндікті пайдаланбай, төбедегі ағаш бұтасына қарап, «жеміс піссе, ауызға түссе» деп жатуға болмайды ғой. Уақыт талабы тынымсыз тірлікке негізделген. Оның үстіне балаларымның, күйеуімнің, ата-енемнің жағдайын жасап жүрген үй шаруасындағы әйелмін. Мұндай кезде нәзікжандылардың миында «бірдеңе істеу керек» деген түрткі ой туындайды емес пе?! Ойымды күйеуіме жеткіздім. Қай кезде де қолдаушым һәм қорғаушым боп жүрген отағасы өз батасын берді. Қолдауын аямады, – дейді кәсіпкер.

Назеркенің жары Абай Ибраимов Kazakh Avto logistic атты туристік мекемеде еңбек етеді. Зайыбына қолдау білдіруге бірнеше себебі де бар екен.

– Үйде отырып жасайтын кәсіп болса деген ой көптен мазалап жүрген. Қазақта «Қосағыңмен қоса ағар» деген сөз бар. Нарықтық һәм жаһандану дәуірінде әйелді үйде отырғызып қоюға болмайды. Қоғамдық өмірге белсенді араласуы керек. Бұл ойын қолдауыма себеп болған екінші жайт, балаларымыз зиянды қоспасы бар тағамдарға әуес болуына алаңдаушы едім. Қалай дегенмен,олардың денсаулығы біз үшін аса маңызды, Цех ашқалы сонда өндірілген тағамдарды сүйсініп жейді. Цехтағы барлық шаруаға Назеркенің өзі жетекшілік етіп, жүргізеді, мен көмек қажет кезде тиісті жәрдемімді беріп тұрамын, – дейді отағасы.

Жоғарыда айтқанымыздай, кәсіп қызығушылықтан басталғандай. Әуеліде 10 литр сүт өңделеді. Артынан аз мөлшер көбейеді. Өйткені, табиғи өнімге сұраныс артады. Күніге 30 литр сүт өңдей бастағанда цех ашу идеясы туындайды. Үй ауласынан салынған 40 шаршы метрлік шағын ғимарат тұрғызылады. Сол ғимаратқа қажетті жабдықтар, шикізатты өнімге айналдыратын құрылғылар, тоңазытқыштар, ылғалдылықты реттегіш аппараттар алынады. Осылайша 2022 жылы негізі қаланған шағын цех иесі өрісін одан әрі кеңейтуді көздейді. Маңайындағылармен ақылдасады, іс бастағандардан кеңес алады. Сондай ізденудің нәтижесінде 2024 жылы «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысып, бақ сынайды. Өнімнің сапасы мен кәсіптің өміршеңдігін байқаған тиісті құрылымдар жоба жеңімпазы деп таниды. Нәтижесінде Назерке Қуанышқызы 5 млн. теңге мемлекеттік грантқа қол жеткізеді.

– Қазір цехта 10 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Басты мақсат – табиғи таза өнім шығару. Тұтынушыға сапалы тауар ұсыну. Сондықтан қызметкерлерге қойылар алғашқы талап санитарлық тазалық. Шикізатты Жаркент қаласы мен оның маңайындағы ауылдардан және Алматы облысы Шарын ауылындағы жеке шаруашылықтардан алынады. Сүт мұнда ветеринар мамандардың анықтамасының негізінде жеткізіледі. Сонымен қатар, сүттің майлылығын өлшейтін арнайы құрылғымен тексеру арқылы қабылданады, – дейді Назерке Қуанышқызы.

Қазір «NK_zharkent сүт өнімдерін өндіру» цехында тәулігіне орта есеппен 30 келіге жуық кілегей, 30 келіге жуық құрт, 20 литрге жуық айран, 10 келідей ірімшік, сүзбе, сары май жасалады. Тұтынушылардың тапсырысына орай жент те дайындалады. Цех өнімі «NK» белгісімен шығарылатын тауарлар Алматы қаласындағы 4 сауда орталығында және Жаркент қаласындағы 7 сауда желі дүкендерінде сөреге қойылған. Панфилов ауданының тұрғыны Шынар Дарманқұлова Назеркенің цехында өндірілген өнімдерге оң бағасын беріп отыр.

– Дүкеннен «NK» белгісімен сүт өнімдерін жиі аламыз. Балаларымыз бұл өнімге сүйсінеді. Шыны керек, химиялық қоспалар негізінде дайындалған құрт-майға қарағанда Назерке Қуанышқызының тауарлары таза, табиғи. Қазір біздің отбасымыз осы өнімді тұтынуға бел будық, – дейді тұтынушы.

Бүгінде сүт өңдеу кәсіпорнында құрылғылар толық автоматтандырылған. Оған себеп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Цехтың іргесін кеңейту үшін аталмыш бағдарлама өзегінде 9,3 млн. теңгеге жуық 2,5 пайызбен несиеге қол жеткізген. Назерке Ибраимова мұнымен тоқтап қалмауға бел буған. Кәсібін өрістетіп, Алматы қаласынан әрі асып, Қазақстанның нарығына шығуды көздейді. Себебі, кәсіпкеріміз сүттен құт өндірген.

Бар-жоғы 3-4 жылда іргелі кәсіп иесі атанған Назерке Қуанышқызының қарекеті көпке үлгі. Оның айтуынша, адам тірлік етуі керек. Тынымсыз болуы тиіс. Жалақыға жұмыс істеу қиынға соқса, мемлекет берген несиеден алып, кəсіп баста. Пайызы аз, ешқандай қыспағы жоқ бағдарламалар арқылы өз күніңді көруге тырыс. Қиын ба? Одан басқа қандай мүмкіндік керек? Тегін ірімшік тек қақпанда болады. Жеміс – еңбек еткенге, маңдай терді төккенге беріледі. Нарық масылдық пен жалқаулықты ұнатпайды.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жәнібек чемпиондықтан айырыла ма?

Жәнібек чемпиондықтан айырыла ма?

22.02.2026
20 жылым 20 күндей өте шықты

20 жылым 20 күндей өте шықты

21.02.2026
Сүттен құт өндірген

Сүттен құт өндірген

21.02.2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

21.02.2026
Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

21.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.