Жетісу облысының футбол федерациясы 2024 жылғы спортта жеткен жетістіктерін қорытындылап, алдағы жылдың жоба-жоспарларымен бөлісті.
Басқосуда сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл жалпы спортшылар мен жаттықтырушыларды, спорт әдіскерлерін келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жеткен жетістіктері үшін айрықша алғыс білдірді. Сондай-ақ, олардың еңбектерін ерекше бағалап, жыл үздіктеріне Жетісу облысындағы футбол федерациясы президентінің арнайы Алғыс хатын табыс етті. Осы орайда спортты үнемі жанына серік еткен 38 жас футболшыға футболдан бірінші разряд дәрежесі берілді.
– «Құрметті жалпы спорт саласынының саңылақтары, сіздердің спорттың дамуына қосып отырған үлестеріңіз өлшеусіз. Бүгінде осы өңірден өркендеп, сіздерден тәрбие алып жетілген қаншама спортшылар қазір небір сайыстарда ел намысын қорғап, аймағымыздың абыройын асқақтатуда. Осының барлығы сіздер төккен маңдай терлердің жемісі. Ал, жастар қауымына айтарым футбол – бұл тек спорт ғана емес, ол бірлік пен күшті табандылық алаңы. Сіздер біздің болашағымызсыздар, алдағы уақытта еліміздің футболын жаңа деңгейге көтеретініңізге сенеміз. Сондықтан да әрқашан алға ұмтылып, тек жетістіктерге жете беріңізулеріңізді тілейміз!» – деп, жас спортшыларға қолдау білдірді шаһар басшысы.
Сөз кезегінде жас спортшылар үміт артып үкілеген билік басындағылар мен жаттықтыршыларға ризашылығын білдіріп, айғыстарын жеткізді.
Айдын КӘЛІМХАН