Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ДАЙЫН ҚҰЖАТТЫ ҮЙГЕ ӘКЕЛЕТІН ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 желтоқсан 2021
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ДАЙЫН ҚҰЖАТТЫ ҮЙГЕ ӘКЕЛЕТІН ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының тұрғындары дайын құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан үйлеріне тапсырыспен алдырта алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы дайын құжаттарды жеткізу қызметін алғашында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 2021 жылдың сәуір айында іске қосқан болатын.

Енді дайын құжаттарды үйге жеткізу сервисі Талдықорған, Петропавл, Ақтау, Ақтөбе қалаларының тұрғындары үшін де қолжетімді. Онда жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу құжаттарына, жер учаскесінің актілеріне, апостильденген білім туралы құжаттарға, мұрағат анықтамаларына, әскери билеттердің телнұсқаларына және басқа да дайын құжаттарға, барлығы 144 мемлекеттік қызмет түрі бойынша тапсырыс беруге болады.

ХҚО-ға барып, тапсырыс берген құжат дайын болған сәтте клиентке жеткізу сервисін пайдалану туралы SMS-ұсыныс жолданады. Келіскен жағдайда клиент көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, құжат жеткізілуі тиіс мекенжайды көрсетеді. Одан әрі клиент 970 теңге көлемінде қала аумағында жеткізу қызметінің құнын төлеуі қажет. Курьер поштаны тапсырыс берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жеткізеді.

— Біз ХҚО-да қызмет көрсету процесі барынша қолайлы болып қана қоймай, дайын болған құжатты алуға қайта бармас үшін қосымша сервисті іске қостық. Адамдардың жұмыстан сұранып, балаларын үйде қалдырып ары-бері жүру мүмкіндігі бола бермейтінін білеміз. Ал құжаттарды жеткізу қызметі клиенттердің уақыты мен қаржысын айтарлықтай үнемдейді, – дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Сервис сәуір айында іске қосылған сәттен бастап Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындары үйлеріне 3 мыңға жуық құжатқа тапсырыс берген.

Құжаттарды жеткізу бойынша алғашқы пилоттық жоба астаналық ХҚО-лардың бірінде іске қосылды, онда серіктес курьерлік компаниямен келісімшарт жасалды. Жыл соңына дейін сервис республиканың барлық қаласында қосылады деп жоспарланып отыр.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.