Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда үздік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды

27 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда үздік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Ақпан айының 27-ші жұлдызы – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған сәйкес Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл  арнайы басқосу өткізді.

Жиналған қауым алдында сөз алған шаһар басшысы аймақтағы барлық жеке сектор өкілдерін мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Бүгінде Жетісу облысының орталығындағы үкіметтік емес ұйымдар әр сала бойынша құрылған. Олар білім, спорт, мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, жастар саясаты мен балалардың құқығын салаларында белсенді жұмыс жасауда. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында да өз үлесін қосып келеді. Талдықорған қаласында жыл сайын үкіметтік емес ұйымдармен бірнеше әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады. Бірлестіктер қайырымдылық шараларына да белсене ат салысып, қала тұрғындарына, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға өз көмектерін көрсетуде. Сондықтан сіздерге айтар алғысымыз шексіз,– деді қала әкімі.

Осыдан соң Ернат Дүйсенбекұлы өңірдің дамуына өз үлесін қосып жүрген 20-дан астам үздік бірлестік жетекшілерін марапаттады.

Басшылардың сөзінше, бүгінде елімізде үкіметтік емес ұйымдардың тұтас саласы қалыптасқан. Бұл секторлар саясат сахнасынан құқық қорғау, әлеуметтік, экономика салалары мен қайырымдылыққа дейін барлық бағытта қызмет атқаруда. Осыған сай қазір Талдықорған қаласы бойынша 394 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар әр бағытта еңбек етуде.

Еске сала кетсек, аталған күн халықаралық деңгейде алғаш рет 2014 жылғы 27 ақпанда Финляндияның Хельсинки қаласында мерекеленген. Осы күні бүкіл әлемде азаматтық сектордың қоғамның барлық салаларын дамытуға қосқан үлесі туралы жан-жақты айтылған. Сондай-ақ, мереке Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдардың жаһандық құндылықтарын, ұмтылыстары мен нәтижелерін көрсетеді.

 

                                                      Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.